Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысының әкімі мәслихат сайлауында дауыс берді

Алматы облысының әкімі мәслихат сайлауында дауыс берді

53 қаралым

Қонаев қаласында бүгін таңнан бастап сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Қала тұрғындары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс беруді жалғастырып жатыр.

Бүгін таңертең Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов те №949 сайлау учаскесіне барып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. Облыс басшысы учаскеге келген азаматтармен бірге тіркеу рәсімінен өтіп, сайлау бюллетенін алып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, мәслихаттар тұрғындар игілігі үшін өңірдегі ең өзекті мәселелерді шешумен айналысады. Олардың қатарында жолдарды жөндеу, мектептер мен медициналық мекемелерді салу, елдімекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, қалалар мен ауылдарды абаттандыру жұмыстары бар. Мәслихат депутаттарының құзыретіне жергілікті бюджетті және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын бекіту, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау кіреді. Тұрғындар өздері сайлаған өкілдер арқылы өңірдің тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты мәселелерді шешуге де қатыса алады.

Бүгінде Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны – 1 056 474 адам. Олардың 8 296-сы – кәмелет жасына толып, сайлауға алғаш рет қатысып отырған жастар.

Суреттерді түсірген – Аслан ҚАЖЕКЕ

«Алатау – Ақпарат»

↑