Сайлау учаскелерінде eGov.kz электрондық үкімет порталының «Сайлаушылардың мекенжай ақпаратын тексеру» онлайн-сервисі қолданылуда.
Қонаев қаласындағы №952 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мақпал Байжанованың сөзінше, егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен таппаса, оның заңнамада белгіленген тәртіппен берген жазбаша өтініші негізінде комиссияның уәкілетті мүшесі ЖСН арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайын жедел тексере алады.
«Бұл цифрлық сервис азаматтардың өтініштерін қарау уақытын қысқартып, комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес деректердің қорғалуына және сайлау заңнамасы талаптарының сақталуына ерекше мән беріледі.Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың сайлауға қатысу жөніндегі конституциялық құқығын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау», – дейді Мақпал Байжанова.
Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы

