⛅
3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    02.02.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз қызметкерлерін 2 ақпан – Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

    Былтыр маусым айында сол кезде Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тұрған кезде 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілген. Атаулы күн осыдан 111 жыл бұрын, 1913 жылдың 2 ақпанында бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы сынды ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі жарық көруіне орай белгіленген.

    «Құрметті баспасөз қызметкерлері! Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті. Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді. Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін», – деді Президент құттықтауында.

    Мемлекет басшысы сала мамандарына зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тіледі.

    Ұлттық баспасөз күні көршілес Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан елдерінде де атап өтіледі. Атаулы мереке бұл елдерде алғашқы газеттердің жарық көрген күні баспасөз күні, БАҚ қызметкерлері күні ретінде белгіленген.

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында «Заң және тәртіп» сабағы енгізіледі

    Талғар ауданында «Заң және тәртіп» сабағы енгізіледі

    6 months ago
    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    2 years ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жазуға адалдық

    1 month ago
    Мемлекет басшысы жасанды интеллект барлық саланың қозғаушы күші болуға тиіс деп санайды

    Мемлекет басшысы жасанды интеллект барлық саланың қозғаушы күші болуға тиіс деп санайды

    3 months ago
    Қошанов: «Алатау аманаты» – ел туризмін дамытатын жоба

    Қошанов: «Алатау аманаты» – ел туризмін дамытатын жоба

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>