Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған “Донор күні” аясында 90 адам қан тапсырды.
Қонаев қаласында донор күндері тұрақты түрде өткізіледі, оған ондаған адам, оның ішінде көптеген жастар тартылады.
Бүгінгі іс-шарада донорларға арналған ыстық шай мен печенье, барлық санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау және сауықтыруға ықпал ететін мейірімділік пен өзара көмек атмосферасы ұйымдастырылды. Барлық донорға демалыс күндеріне анықтама және ақшалай өтемақы беріледі.
«Біз бұл науқанмен өмірдің баға жетпес екендігін түсінетінімізді, сонымен қатар басқа адамдарға көмектесуіміз қажет екеніндігін атап өткім келеді. Өйткені, донорлық – нағыз ерлік», – деді акцияға қатысып қан доноры болған Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург дәрігері Абылай Сәкенов.