Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды. Бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылы қолға алынған. Жастардың тың идеяларын қолдауға, қоғамды дамытуға арналған жобаларды жетілдіруге бағытталған грант талай жасқа серпін беріп келеді.
Биыл Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының көлемі 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге өсті.
Жеңімпаздар төмендегідей бағыттар бойынша марапатталды:
• «Медиа» бағыты бойынша
1. Сабырбаева Анар Сабырқызы – Буллинг, зорлық зомбылықтың алдын алуға арналған «ZEIN» ақпараттық–танымдық жобасы;
2. Бекеева Айнагүл Тлебалдықызы – Жергілікті жерде жылжымалы кинокөрсетілім – «QALZHAT» жылжымалы кинотеатры жобасы);
3. Тынышпаев Бахытжан Тлеукенұлы – жастарды дамытуға және қолдауға арналған алаң «SEN» медиа жастар кеңістігі.
• «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша
1. Әлімжан Гүлдана Бекболатқызы – балаларға арналған ArtikMe смарт айнасының қазақ тіліндегі нұсқасын әзірлеу;
2. Нұрлан Нұрсұлтан Нұрланұлы – киберспорт түрін Қазақстанда дамыту, 16-25 жас аралығындағы жастардың қызығушылығын арттару, әлемдік деңгейдегі жарыстарға шығару.
• «Бизнес» бағыты бойынша
1. Нұрқұл Алуа Нариманқызы – аутизммен ауыратын балаларга бейімделген дене шынықтыру кабинетін ұйымдастыру;
2. Кеңгесбаев Бауыржан Асамбаевич – клининг саласы;
3. Солтанова Гулнур Оразбайқызы – WHOOPIE PIE кондитерлік цехы;
4. Дүйсен Арсен Сырымұлы – қолжетімді,сапалы, жаңашыл, ең бастысы қазақ тіліндегі басқатырғыш пазлдар жасап шығару;
5. Ғабиденұлы Ғазиз – Көпқабатты тұрғын үйлердің қасында ораналасқан қоқыс салатын жәшіктің қасына қолдан жасалған нан қалдығын салатын жәшіктерді орналастыру және одан жем жасау.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!