-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Төтенше жағдай

    Көп қабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынады

    29.02.2024
    in Төтенше жағдай
    Көп қабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынады

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Апат айтып келмейді, қатер де аяқ астында. Бүгінде төтенше жағдайлар жиі болып жүр. Әсіресе, газ баллондарының жарылуынан оқыс оқиғалар қайталануда. Сол себепті газбен жабдықтау нысандарында өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қатаң бақылауда.
    Тиісті мекемелерде қажетті шаралардың жүзеге асуын Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қамтамасыз етеді.

    Қазіргі таңда департамент тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымын, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша 8 газ толтыру станциясын, оның ішінде 4 газ толтыру пунктін сондай-ақ, 249 автогаз құю станциясын бақылайды.

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ринат Рахумбулеков өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға рейдтік тексерулер жүргізілетінін айтты.

    Спикердің сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері екі рет тексеру жұмыстары өткізілген. Әзірге құқық бұзушылық анықталмаған.

    Газ тұтыну жанға жайлы болғанымен, дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіпті екені анық. Жауапты маман өткен жылы облыста тұрмыстық баллондарды дұрыс қолданбаудан 13 төтенше жағдай тіркелгенін алға тартты.
    «Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін. 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды», – деді Ринат Рахимбулеков.

    Ұсынымдар

    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    1 year ago
    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    1 year ago
    Тағдырлар тоғысқан шаңырақ

    Тағдырлар тоғысқан шаңырақ

    1 year ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    1 year ago
    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>