Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

7 қаралым

Қонаев қаласында орналасқан «Тұлпар» ретрокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев сайлау күніне орай автошеру ұйымдастырды әр қалалықтармен бірге сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасады.

-Бүгінгі шараға 10-ға жуық автокөлік қатысады. Біз барлық сайлау учаскелерін аралап шығамыз. Әз-Наурыз мерекесіне орай тағы да автошеру ұйымдастырмақ ниеттеміз. Жалпы біз ешқандай шарадан тыс қалмаймыз. Сонымен қатар бүгін азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік, — деді Мұрат Сіргебаев.

Айта кетейік, Қонаев қаласы бойынша 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның бесеуі жабық сайлау учаскелері.

Alatau News