-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы – «ақылды қала»

    08.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы – «ақылды қала»
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алатау қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады. Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысы мен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысты.

    Халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде IT-саланы дамыту бөлігінде жүргізіліп жатқан жобалар мен жұмыстар туралы айтты.

    Мемлекет басшысы Алатау қаласын флагмандық жоба деп айқындады. Дәл осы жерде жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналатын жаңа интеграцияланған мегаполис салу жоспарлануда.

    Цифрлық даму министрлігінің басшысы Алатау қаласы «Ақылды қала» екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру және автоматтандыру барлық маңызды процестерді қамтиды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар денсаулық сақтау, жол және көлік, қауіпсіздік және басқа да көптеген салаларда қолданылатын болады. Жоғары жылдамдықты интернетті кеңінен енгізу сымды, талшықты-оптикалық және сымсыз қол жеткізу арналарын қамтиды.

    «Алматы облысында қазірдің өзінде ақылды технологиялар енгізіліп, «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында “109” бірыңғай байланыс орталығы, “Алсеко” бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, барлық автобустарда электрондық билет беру жүйесі іске асырылды. Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның жедел басқару орталығына кіруді басқару және бақылау камералары орнатылған», – деді Жаслан Мәдиев.

    Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлік Alatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. Ол Astana Hub білім беру және инкубациялық бағдарламаларын тарататын болады. Жақын арада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздері бойынша білім беру курстарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ компьютерлік сауаттылық, цифрлық маркетинг және электрондық коммерция бойынша арнайы курстардың бірлескен бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

    Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 1 арнайы ХҚКО, 42 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және 32 Мемлекеттік корпорацияның БЭК-офисі бар. Айта кетейік, 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері 798 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 4 айында 295 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен.

    «Бүгінгі таңда Алатау қаласы халқының қажеттіліктерін Қазпошта бөлімшесі ішінара жабады, онда 27 қызмет түрі көрсетіледі. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімдікпен бірлесіп Алатау қаласында ХҚКО бөлімшесін ашу мәселесі пысықталды, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін ала алады», – деді Арман Кенжеғалиев.

    Сонымен қатар, кездесуде Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов ұялы байланыс пен интернетті дамыту жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда Алматы облысында 384 елдімекен бар, оның ішінде 319 ауыл 4G-ге қосылған.

    «Министрлік Алматы облысының әкімдігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп 2023-2027 жылдарға арналған байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеп, қол қойды. Сондай-ақ, шекаралас 52 ауылда ұялы байланыс пен Интернеттің сапасын жақсартуға ниетті», – деп атап өтті Ержан Мейрамов.

    Сонымен қатар, брифинг барысында министрге облыстың елді мекендеріндегі ұялы байланыс, интернет, жасанды интеллект, ұялы байланыс туралы сұрақтар қойылды.

    ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Жыршылар жарысында топ жарды

    Жыршылар жарысында топ жарды

    12 months ago
    Шекарашылар ант қабылдады

    Шекарашылар ант қабылдады

    1 year ago
    Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар – Тоқаев

    Қазақстанда 3300-ден астам мәслихат депутаты бар – Тоқаев

    8 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Алматы іргесіндегі тұрғындарға арнап жаңа автобус бағыттары ашылмақ

    2 years ago
    Кәсіптік білімнің аясы кең

    Кәсіптік білімнің аясы кең

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>