-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қызыққа толы күндер

    03.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы, Туризм және саяхат
    Қызыққа толы күндер
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Жаз маусымын әрбір бала асыға күтері анық. Тоғыз ай бойы білім алып, үш айлық демалысқа шыққан оқушылар үшін бұл – аса маңызды кезең. Елімізде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың түрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Соның бірі –  мектеп жанынан ашылған жазғы алаңдар.

    Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы орта мектептің жанынан ұйымдастырылған жазғы алаң жұмысын бастады. Мектеп директоры Айнұр Есбаеваның айтуынша, демалыс лагеріне барлығы 600 білім алушы қамтылмақ. Оған әсіресе көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары көбірек тартылып, осындағы уақыттарын естен кетпестей қызықты өткізуіне мән берілген. Мұндай алаңдар баланың талантын, қабілетін ашып, айналадағы әлем туралы таным көкжиегін дамытатыны сөзсіз. Сондықтан оны тиімді ұйымдастыру, баланың дұрыс демалуына қолайлы жағдай жасау ата-ана мен мектепке артылған үлкен жауапкершілік. Әрине, бұл тұста балалардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтауды бір сәтке де естен шығармау басты назарға алынған.

    «Балдырған» лагерінің жұмысы 5 кезеңнен тұрады. Мұнда оқушыларды жан-жақты дамытып, шығармашылығын шыңдайтын спорт, туристік, лингвистикалық, пәндік және дебат клубтары, ал бастауыш сынып оқушыларына сауықтыру топтары бөлінген. Күнделікті жоспарға сәйкес сергіту жаттығулары, әсерлі би, күш-жігерін шынықтыратын спорт ойындары, көңілді караоке, сурет салу, өлең оқу, ән байқаулары ұйымдастырылып, көркем әдебиет оқып, тіпті, саз балшықтан қолөнер туындысын жасап, жеткіншектердің уақыты күні бойы тиімді өтуде. Ал түрлі танымдық тақырыптарға, білім сайыстарына құрылған пәндік топтар оқушылардың оқу жылында алған білімін пысықтап қана қоймай, оларды ерекше қимыл-қозғалыспен, әдіспен есте сақтауына ықпал етуде. Арасында 2-3 сағат бойы жаңа достар табуға, сүйікті ісімен айналысуға да мүмкіндік бар.

    Жазғы демалыстың тағы бір кереметі – туристік саяхаттар. Туған жер төсінде табиғатты тамашалап, киелі өлкенің тарихи-мәдени орындарын аралаудың берер пайдасы мол. Ауданда орналасқан Жамбыл Жабаев, Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалдық мұражайларына, «Таңбалы» қорық-музейіне сапар шегіп, рухани азық алады. Жазғы демалысты еліміздің басқа аймақтарында өткізу бақыты бұйырған осы мектептің кейбір оқушылары Щучинск, Талғар, Қонаев қалаларындағы лагерлерде демалып қайтады. Жуырда Қапшағайдағы демалыс алаңында жүрген 10 сынып оқушысы Үсенбай Жасұлан ән айтудан конкурс жүлдегері атанды. Ол Мыңбаев орта мектебінің озат және дарынды оқушыларының бірі. Жасұлан әрбір уақытының естен кетпестей қызықты да әсерлі өтіп жатқандығын, жолдама алған сәттегі қуанышын мектебімен бөлісіпті.

    Жазғы алаңды оқушылар жыл сайын асыға күтеді. Мұнда олар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын нығайтып, шығармашылықтарын шыңдайды. Балалар лагерь соңында марапатталып, көңілді тарқасатындығы қуантады, жанға жылылық ұялатады.

    Серік Сатыбалдиев,

    Мыңбаев ауылы,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Шелек шырайланып келеді

    Шелек шырайланып келеді

    4 months ago
    Өлеңмен өрілген

    Өлеңмен өрілген

    1 month ago
    Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды

    Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды

    2 years ago
    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    2 years ago
    Жағдайың қалай, студент?

    Жағдайың қалай, студент?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.