-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    30.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Үкімет, Экономика
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады
    0
    SHARES
    56
    VIEWS

    Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 20 мың оқушыға арналған 10 мектеп салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты. Брифингте баяндама жасаған әкім қазіргі таңда үш ауысымды мектептер аудандағы білім саласында ең өзекті мәселелердің бірі екенін, бүгінде оқушылар үш ауысымда оқитын мектептер саны 12-ден 11-ге азайғанын айтты.

    «Бұл мәселені шешу мақсатында ауданда 5 жаңа мектеп және 3 мектепке жапсаржай құрылысы жүргізілуде, биыл ақпан айының басында Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының 600 орындық жапсаржайы салтанатты түрде қолданысқа беріліп, мектептегі орын тапшылығы мәспелесі шешімін тапты. Қалған мектептердің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі», – деді аудан әкімі.

    “Жайлы мектеп” бағдарламасы аясында осы жылдан бастап аудан бойынша 7 мектептің құрылысы басталады деп жоспарланған, қазіргі таңда құрылысқа қажетті жер телімдері рәсімделді, құрылыс жұмыстарына 12,8 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Қаскелең қаласында, Алмалыбақ және Көкөзек ауылдарында 1500 орындық үш мектеп, Қошмамбет, Бұлақты, Долан және Елтай ауылдарында 1200 орындық мектептер салынбақ. 2025 жылы Кемертоған, Қырғауылды және Жандосов ауылдарында 1500 орындық мектептер салынады.

    Жасұлан Естеновтің айтуынша, аталған жобалар іске асырылса, ауданда үш ауысымда оқитын мектеп болмайды.

    Tags: "Жайлы мектеп"үш ауысымды мектеп

    Ұсынымдар

    Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

    Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

    1 year ago
    Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын

    Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын

    12 months ago
    Қоғамды қарыздан шығарудың жолдары

    Қоғамды қарыздан шығарудың жолдары

    10 months ago
    Ажалдан арашалады

    Ажалдан арашалады

    2 months ago
    Атқарылған іс аз емес

    Атқарылған іс аз емес

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>