-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    03.08.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экология, Экономика
    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    Фото: Ермұрат Мұқырбай

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі Қайназар ауылының тұрғындары «Құрылыс Көмек – ХХІ» кірпіш зауытының жұмысы бойынша бірнеше мәрте наразылық білдіріп, ақыры сот шешімі негізінде зауыттың кірпіш кептіргіш бөлмесі және өз еркімен рұқсатсыз салынған қойма түріндегі бөлігі бұзылған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа әңгімелер желдей ескен еді. Істің мән-жайын түсіндіруге қайназарлықтар тағы да бас қосты. Көк түтінге көмілген ауыл тұрғындары көкейдегілерін айтуға тырысты.

    Бұған дейін Қайназар ауылының төңірегінде 4 кірпіш зауыты жұмыс істеп келіпті. Солардың екеуі елдімекеннің дәл іргесінде орналасқан. Тұрғын үйлер мен өндіріс орындарының арақашықтығы небәрі 40-50 метр ғана. Ауыл жұртының таза ауаға зар болып, зауыттан шыққан шаң-тозаң мен ыс-түтінді жұтып жүргеніне де талай жыл болған көрінеді. Сол себепті, ауыл тұрғындары республикалық БАҚ өкілдерін шақырып, Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне бірнеше мәрте өтініш-арыздарын жазып, жұмыс істеуіне қарсылық білдірген. Сонымен қоса, сот орындаушыларына, Алматы облысының әділет департаментіне, прокуратураға хат жолдаған. Енді, міне, тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, мамыр айында бір кірпіш зауыты жұмысын тоқтатыпты. Алайда тұрғындар қалған кірпіш зауыттары да өндірісті тоқтату керектігін айтады.

    – Қалай осы кірпіш зауыттары жұмыс істей бастады, солай ауру-сырқау көбейді. Тозаңдатқан шаңға күннің ыстығы мен ұйытқыған жел қосылса, жанды қоятын жер таппайсың. Бала-шаға шетінен жөтеліп, аллергияға ұшырап жатыр. Ол асқынса, демікпеге ұласады. Тіпті, өкпесі қабынып жатқандар да бар. Түнде есік пен терезені мүлдем аша алмаймыз, – дейді қайназарлық Бейсенгүл Байсабекова. Тұрғындар кірпіш зауыттарының адам денсаулығы мен қоршаған ортаға да өз залалын тигізіп отырғанын жасырмады.

    – Кірпіш зауытының жұмысшылары топырақты қаза-қаза зираттарға таяп қалды. Осылай кете берсе, беткейдің қыртысы түгелдей опырылуы мүмкін. Атам қазақ қорымға аяқ бастырмаған, әруақтарды құрметтеген. Егер зираттар бүлінетін болса, тіпті үлкен қайшылық туындайды. Сонымен қоса, ауылда мал өрісі де тарылып барады. Зауыттар өндірісін дер кезінде тоқтату керек деп шырылдап жүрміз, – дейді ауыл ақсақалы Келгенбай Тұяқов.
    «Құрылыс Көмек – ХХІ» зауытының бір бөлігі сүрілгені туралы ақпаратты іліп алып, өз аудиториясына түрлі жаңсақ пікірлер айта бастаған блогерлер де бар көрінеді.

    – Сот шешімі заңды күшіне енген. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың талаптілегіне сай, арнайы тексерулер мен сараптамалардың қорытындысы негізінде жасалған. Тексеру барысында түрлі заңсыздықтар дәлелденді. Бірақ, қазір кейбір блогерлер қоғамда теріс пікір тудырып жатыр. Сондықтан оларды нақты шындықты көзбен көруге шақырамын. Біз ешкімді алалап көрген емеспіз. Бұл ауылда барлығы тату-тәтті өмір сүріп жатыр, – дейді Қайназар ауылының тұрғыны Нұржан Қалиев. Оның айтуынша, жыл басында арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына аудан әкімінің орынбасары бар бірнеше билік өкілдері және ауыл белсенділері кірген еді. Тексеріс барысында зауыт жұмысының заңсыз әрекеттері дәлелденген. Арнайы құрылған комиссия тексеріс жүргізгенін жергілікті әкімдік те растады.

    – Өндірістік мақсаттағы кәсіпорындарға жұмыс істеу рұқсатын облыстың құзырындағы мекемелер береді. Біз ауыл тұрғындарының талаптарын жоғары жаққа дер кезінде жеткізіп отырдық. Сот шешімін облыстық құзырлы орындар орындады, – дейді Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Руслан Қыдырқожаев. Жағдайдың анық-қанығын білейік деп «Құрылыс Көмек – ХХІ» кірпіш зауытына барғанымызбен, олармен тілдесудің сәті түспеді. Ауыл тұрғындары алда тағы екі кірпіш зауытын жабуға күш салатынын айтып тарқасты.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Аграрлық сала айрықша назарда

    Аграрлық сала айрықша назарда

    11 months ago
    Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды

    Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды

    2 weeks ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Үшауысымды мектеп мәселесін жою – басты назарда

    2 years ago
    Мемлекеттік қызмет

    Әдеп кодексі әр мемлекеттік қызметкердің бойтұмарына айналуы тиіс

    2 years ago
    Жамбылдағы жарқын күн

    Жамбылдағы жарқын күн

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>