-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Облысқа қажетті көмірдің 3/1-і жеткізілді”

    07.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Экономика, Энергетика
    “Облысқа қажетті көмірдің 3/1-і жеткізілді”

    Фото: Құралбек Сәбитов

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Биыл Алматы облысында қыс жезгілінде тұрғындарға 730 мың тонна көмір қажет. Бұл туралы бүгін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және оны үнемдеу бөлімінің бас маманы Ержан Әділет баспасөз мәжілісінде баяндады. Оның сөзінше, бүгінге дейін халыққа қажетті көмірдің 172,2 мың тоннасы немесе 23,6 пайызы жеткізілді. Облыстағы 34 теміржол тұйығы мен 20 қоймада 43,4 мың тонна көмір бар. Бұдан бөлек, Райымбек ауданындағы «Ойқарағай» көмір кенішінде де тұтынуға қажетті көмір сақтайтын бөлім бар.

    Спикердің мәліметінше, халыққа қажетті көмір облысқа үш кеніштен жеткізілмек. Атап айтсақ, 730 мыңның жартысынан астамы – 429,2 мың тоннасы Шұбаркөл кенішінен, үштен бірі – 239,7 мың тоннасы Қаражыра кен орнынан, қалған 60,8 мың тоннасы Ойқарағай кенішінен жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

    Энергетика маманы облысқа көмірдің қалай жеткізілетінінен де мағлұмат берді. Шұбаркөл мен Қаражыра кеніштерінен көмірді (668,9 мың тонна) теміржол арқылы жеткізу жоспарланған. Әзірге оның ширегі ғана (172,2 мың тонна) жеткізілген. Ал Ойқарағай кен орнынан осы күнге дейін 15 мың тоннаға жуық көмір сатылған.

    Биыл көмірдің бағасы да жеткізу шығындарының артуына байланысты біраз қымбаттаған. Аудандар мен қалалар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, қоймалар мен тұйықтардағы көмірдің орташа бағасы тоннасына 13 мыңнан 21 мың теңгеге дейін барады. Ойқарағай кенішінен өндірілетін бір тонна көмірдің құны 8500 теңгені құрайды. Ал темір жол тұйықтары жоқ Балқаш, Райымбек, Кеген сияқты аудандарда бір тонна көмір құны 23 000-25 000 теңгеге дейін жетеді.

    Облыс бойынша тізімге енгізілген 46 өңірлік көмір операторы бар. Көмір разрездерінен қатты отын тек көрсетілген операторларға ғана жеткізіледі.

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы халықты алдағы жылыту маусымында әлеуметтік шиеленіс туындамауы үшінқыстың қамын ерте ойлап, көмірді алдын ала сатып алуға шақырады. Басқарма халықты көмірмен қамту облыс әкімдігінің бақылауында екенін айтады.

    Айбек Мұқан

    Ұсынымдар

    Ұлт күретамыры

    Ұлт күретамыры

    6 months ago
    Бір үйдің баласындай

    Бір үйдің баласындай

    1 year ago
    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    2 years ago
    Ізгілікке үндейді

    Ізгілікке үндейді

    3 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Райымбек ауданына 1,7 млрд теңге инвестиция тартылды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.