-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заң күшіне енді

    10.09.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң, Президент
    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    Фото: Orda.kz

    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Елімізде «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Заң күшіне енді. Заңға Мемлекет басшысы 10 шілдеде қол қойған болатын.

    Құқықтық құжатқа сәйкес, әлеуметтік желілердің интерфейстеріне мемлекеттік тіл енгізілу қажет. Блогерлер контентті қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігін жасауы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін қазақ тіліндегі контентті модерациялау керек.

    Бұған қоса, ел аумағындағы онлайн-платформаларда заңға қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады.

    «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, суицидті, порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент саналады», – делінген заң мәтінінде.

    Заң шеңберінен тыс ақпарат орналастырылған контенттің жұмысын шектеу немесе тоқтату «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабына сәйкес жүргізіледі.
    Атап айтсақ, онлайн-платформаның меншік иесі я болмаса заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін 24 сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою шараларын қолдануға міндетті.

    Интернеттегі жарнамаға қойылатын талаптарға келетін болсақ, оларға сәйкестендіру және таңбалану талабы қойылады. Онлайн-жарнама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен таңбаланады. Онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату «Жарнама туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Онлайн-платформа қолданушыларын мәтіндік және графикалық, болмаса өзге де белгілердің көмегімен контенттің мақсатты онлайн-жарнама екені көрсетілуі тиіс.

    Жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нәсілдік немесе ұлттық тиістілік, саяси көзқарастар, биометриялық немесе дербес деректер, пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы ақпарат негізінде профайлинг жасауға тыйым салынады.

    Сондай-ақ, Әкімшілік кодекске жаңа бап енгізілді. Ол онлайн-платформалар арқылы жалған ақпаратты таратқандарды жауапқа тартуды көздейді. Енді онлайн-платформалар арқылы жалған ақпарат таратты деп танылғандарға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін (69000 теңге) айыппұл салу қарастырылған. Егер бір жыл ішінде азамат екінші рет жалған ақпарат таратты деп танылса, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынынады немесе 40 АЕК (138 000 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.

    Ұсынымдар

    Тұлпар дүбірі

    Тұлпар дүбірі

    8 months ago
    Алатау арланы анықталды

    Алатау арланы анықталды

    12 months ago
    Атқарылған іс ауқымды

    Атқарылған іс ауқымды

    3 months ago
    Жолы жасалған ауыл тұрғындары Президентке алғыс жолдады

    Жолы жасалған ауыл тұрғындары Президентке алғыс жолдады

    2 years ago
    Алматы облысында күн күрт суытады

    Алматы облысында күн күрт суытады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.