-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы агломерациясын дамыту жайы талқыланды

    05.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Президент, Саясат, Үкімет, Экономика
    Алматы агломерациясын дамыту жайы талқыланды
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Алматы және Алматы облысының әкімдері алдағы бес жылда Алматы агломерациясын дамыту перспективаларын талқылады

    Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында агломерацияның Жергілікті кеңесінің жиынын өткізді.
    Жиында негізгі күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында әзірленген Алматы агломерациясын 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспарының (ДКЖ) жобасы болды.

    «Кешенді даму жоспары өңірдегі тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын теңдей дамытуы тиіс. Біз үшін агломерация тұрғындарының көлікке қол жеткізгені маңызды, сонда ғана олар қалаға еркін жете алады. Демек, көлікті дамыту ҮААЖ-на дейінгі және одан кейінгі барлық аумақты қамтуды ескере отырып жүргізілуі керек. Сондай-ақ, жоспарда тартылыс нүктелері болуы тиіс. Бұл – жұмыс орындарын құру, өмір сүруге лайықты жағдай жасау және тағы басқалары», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев өзінің сөзінде.

    Дамудың кешенді жоспары жобасы 2023 жылғы қаңтарда қабылданған «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңының негізінде «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС және Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірлеген.
    «Алматы агломерациясын дамыту өңірдің орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды басымдық саналады», – деген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әрі Алматы агломерациясының ел ауқымындағы маңызын атап өтті. Қазақстан аумағындағы агломерацияның үлесі 0,61%, ел халқында-17%, ел экономикасында 21,3%.

    ДКЖ жобасында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, сапалы инженерлік инфрақұрылым құру және тағы басқалар қарастырылған.

    ДКЖ жобасында өндірісті дамыту және жаңа орындарды ұйымдастыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру, Индустриалды аймақты кеңейту, өндірістерді облыс аумағына көшіру көзделген. Сонымен қатар, ДКЖ жобасында ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылды. Агломерацияға Түргеннен Қаскелеңге дейінгі таулы туристік кластер кіреді.

    Жұмыс кездесуі барысында бюджеттің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, шығыстардың қайталануын болдырмау және өнімсіз шығындарды қысқарту мақсатында ДКЖ жобасы аясында іс-шаралар санын 245-тен 174-ке дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Жобаны республикалық және жергілікті бюджеттер аясында да, жеке инвестициялар есебінен де қаржыландыру жоспарланып отыр.

    Кеңес қорытындысы бойынша осы жылдың қазан айының соңына дейін ДКЖ жобасын Алматы қаласы мен Алматы облысының мәслихатының қарауына жіберу туралы уағдаластық жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл құжат 2023 жылдың соңына дейін Үкіметтің қарауына және бекітуіне ұсынылады.

    Жергілікті агломерация кеңесінің құрамына қала құрылысы, сәулет, көлік, кәсіпкерлік, әлеуметтік және қаржы салалары мәселелеріне жетекшілік ететін мәслихат депутаттары, тәуелсіз сарапшылар, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары енген.

    Агломерация бір немесе бірнеше ірі қаланың айналасындағы елді мекендердің жинақталған кластерінен құралады. Негізін Алматы құрайтын Алматы агломерациясына аудандық маңызы бар қалалар, 31 ауылдық округ және шамамен 3 млн адам тұратын 98-ге жуық елдімекен кіреді. Агломерация аумағы өзінің өңірлік даму жоспарлары мен мемлекеттік жоспарлаудың басқа да бағдарламалары бар 2 әкімшілік-аумақтық бірлікті (Алматы қаласы және Алматы облысы) қамтиды.

    Ұсынымдар

    АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

    АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

    5 months ago
    Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

    Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

    12 months ago
    Балабақша

    Балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсіру қарастырылып жатыр

    2 years ago
    Алматы облысында 2000 түп ағаш егілді

    Алматы облысында 2000 түп ағаш егілді

    2 years ago
    Суықтөбе назардан тыс қалмасын

    Суықтөбе назардан тыс қалмасын

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.