-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Zhas Project жобасына өтініш қабылдау басталды

    09.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді
    0
    SHARES
    79
    VIEWS

    Алматы облысы мен Жетісу, Абай облыстарында жастарды қолдауға арналған Zhas Project жобасына өтініш қабылдау басталды. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында Алматы облысының Азаматтық Альянсының президенті Балжан Досалы жастарға арналған жобаның жай-жапсары туралы баяндады.

    Балжан Ерболқызының айтуынша, Мәдениет министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамалар орталығы жүзеге асырып жатқан жоба жастарды дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыратын жағдай жасауға әрі өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

    «Қоғамда асыраушысынан айырылған, мемлекеттен күдерін үзген, бірнәрсе бастап ашайын десе қаражаты жоқ, қолы қысқа жастар бар. Бұл жоба ең алдымен осындай жастардың қоғамға пайдалы идеяларын қолдау мақсатында бастау алып отыр. Былтыр көбінесе көпбалалы отбасылардан шыққан, әлеуметтік осал топтардан шыққан жастарға, оның ішінде мүгедектігі бар немесе осындай бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға басымдық берілген еді. Биыл үшінші жыл өткізілейін деп отырған жобаның бір ерекшелігі – оған жұмыссыз жастарды да қосып отырмыз. Сонымен қатар, биыл қатысып, бірақ грантқа ие бола алмаған жастар келесі жылы да қайта бағын сынап көруге болады», – деді Балжан Ерболқызы.

    Жобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген өтініш бере алады. Идеясы тың әрі ұтқыр деп танылған әр жоба иегеріне кемінде 6 ай жұмыс істеуге 1 млн теңгеге дейін грант беріледі. Жобаға ұсынылатын идеялар бизнес бастауға ғана мүмкіндік беріп қоймай, 1-2 адамға болса да жұмыс тауып беріп, белгілі бір әлеуметтік мәселеленің шешілуіне де септігін тигізуі керек.

    «Судың да сұрауы бар» демекші, мемлекеттік қолдаудың да есебі бар. Азаматтық бастамалар орталығы грант иегерлерінің атқарып жатқан жұмысын қадағалап, шығармашылық есебін алып отырады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жобаның ресми сайтында грант ұтып алған әр жоба иесі туралы мәліметтер жарияланады.

    Грантты ұтқан соң қаржының қайда жұмсалғанын білмей қалатындар болады. Жоба аясында оларға грантты ұтымды пайдалану үшін қалай кәсіп ашып, оны жүргізу керек, қаржыны қалай тиімді игеру керек деген мәселелерде бағыт-бағдар беріледі.

    Былтыр сол кездегі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырыла бастаған Zhas Project жобасы үш жылға арналған. Былтыр Алматы облысында 700-ге жуық өтінім түсіп, бәс жоғары болғандықтан биыл грант саны көбейтілііп, 20-ға жеткен.

    Жобаға өтініш беру мерзімі 24 қазан күні аяқталады. 24-31 қазан аралығында қоғамдық ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, мәслихат пен оқу орындарының өкілдерінен құралған комиссия жобаға түскен өтініштерді қарап, жеңімпаздарды анықтайды.

    Ұсынымдар

    “Өлке тынысы” ЖШС-іне ішкі талдау жүргізіледі

    “Өлке тынысы” ЖШС-іне ішкі талдау жүргізіледі

    2 years ago
    БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылығын техникамен қамтыды

    БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылығын техникамен қамтыды

    2 years ago
    Тоғызқұмалақты төрге оздырды

    Тоғызқұмалақты төрге оздырды

    1 year ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    6 months ago
    Қайраткердің әділет тақтасы

    Қайраткердің әділет тақтасы

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>