Облыстық мәслихат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысын өткізді.
Күн тәртібінде келелі төрт мәселе қаралды. 2023 жылдың төртінші тоқсанында облыс бойынша әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілу жайы талқыланып, 2024 жылға тұрақты комиссияның жұмыс жоспары бекітілді. Жиынға мәслихат депутаттары, қар жы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім басқармаларының өкілдері қатысты.
Алғашқы баяндаманы облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова жасады. Өткен жылы облыс бюджеті бес рет қайта қаралып, 23 рет түзетілген. Бибігүл Төкенқызы облыстық кіріске өндірістің төмендеуіне байланысты темекі өнімдерінің акциздері бойынша болжамды мәліметтердің алынбағанын жеткізіп, республикалық бюджеттен трансферттер (355,4 млрд теңге) және несиелерді қоса есептегенде (26,5 млрд теңге) толығымен 381,9 млрд теңге түскенін тілге тиек етті. Шығындар бойынша орындалу деңгейі 731,9 млрд теңгені (жоспар 755,3 млрд теңге) немесе 96,9 пайызды құрады. Өткен жылы облыстық бюджеттен 23,4 млрд теңге қарастырылып, оның ішінде 17,3 млрд теңгесі игерілмеген. Аталмыш олқылық қаражаттың жеткіліксіздігінен бюджет кірістерінің түспеуіне, жұмыстың аяқталуы туралы актінің болмауына байланысты туындаған.
Келесі болып облыстық құрылыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өкілдерінің баяндамалары тың далды. «Жайлы мектеп» жобасының жоспары қаралып, құрылыс жұмыстары талқыланды. Облыстағы 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 54600 оқушыға арналған 53 мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 382.5 млрд теңге көзделген. Жиында өткен жылы қолданысқа берілген нысандар жайлы айтылып, құрылысы әлі бітпеген мекемелердегі мәселе қаралды. Өткен жылы өңірімізде 12 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, оған бюджеттен 12.1 млрд теңге бөлінген. Бірақ аталмыш сала бойынша мердігерлердің жауапсыздығынан құрылыс барысы баяу жүріп жатқаны да жеткізілді. Комиссия мүшелері мердігерлердің жұмысын жиі қадағалау қажеттігін айтып, жұмыс сапасына баса мән беруді сөзіне қосты. Жиын барысында жаңа Алатау қаласының бас жоспары таныстырылып, құрылыс жұмыстарын қадағалау жүктелді.
Құралбек Сәбитов