-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта

    18.01.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Құспан мен Сергей Пономарев «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасына келіп, ондағы жұмыс үдерісімен жан-жақты танысты. Кездесуде тұтынушылар тарапынан қойылатын талаптар, шикізат жеткізудің логистикалық сын-қатерлерін шешу, жаңа кадрлар даярлау және тағы басқа мәселелер талқыланды. Аталған компанияның негізгі өндіріс орны Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде орналасқан.

    Депутаттар фабрика ішін асықпай аралады. Мұндағы жұмыс толығымен автоматтандырылған және компьютерленген. Балмұздақ жасауда маңызды орын алатын ингредиенттің бірі – сиыр сүті. Оны облыстағы фермерлер қамтамасыз етеді. «ШинЛайн» компаниясында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Азық-түлік технологы, экономист, зертханашы, кондитер, маркетолог, инженерлер ортақ іске үлес қосуда. Десек те, кәсіпорында кадр тапшылығы күн тәртібінен түспей келеді. Компания басшыларының айтуынша, алдағы уақытта балмұздақтарға қазақша атау беріп, сыртқы қабығының дизайнын ұлттық нақышта өрнектеуді қолға алмақшы.

    – Өндіріс көлемі мен экспорт жыл сайын өсіп келеді. Азық-түлік пен балмұздақ шығаруға арналған жаңа инвестициялық жобаны қолға алғалы отырмыз. Сондықтан бізге ішкі инвестор ретінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі деп сенеміз. Тағы бір мәселені ерекшелеп айтқым келеді. Бүгінгі күні балмұздақ өндірісінде аграрлық кешенді дамыту шеңберінде басқа сүт өңдеушілер алатын жеңілдіктер жоқ. Осы мәселеге назар аударылып, өзгерістер енгізілгенін қалаймын, – деді «Шин-Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак.

    «Euromonitor International» халықаралық зерттеу компаниясының мәліметінше, «Шин-Лайн» бір жыл ішінде нарықтағы үлесін 49 пайызға асырған. Бүгінде ол Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде тәулігіне 250 тонна көлемінде 120-дан астам балмұздақ түрін өндіретін №1 компания саналады. «Шин-Лайн» қайырымдылық акцияларына да жиі қатысады. Жаңажылдық мерекеде «ШинЛайн» балмұздақтары Іле ауданы Ащыбұлақ округінде орналасқан «Солнышко» және «Ковчег» балалар үйіне, «Алматы балалар ауылына», Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығына тегін таратылады. «Шин Лайн» компаниясының басшысы Андрей Шин: «Балмұздақ балаларға бақыттың нағыз дәмін сездіреді. Бала бақытты болса, онда компания ұжымының еңбегі еш кетпеді деп білемін», – дейді.

    «Шин-Лайн» өнімдерін еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Беларусь елдерінің дүкендерінде де кездестіруге болады. Сондай-ақ Қытай мен Моңғолияға жөнелтіледі. Енді олардың қатарына Грузия елі де кіргелі отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы елімізде балмұздақ экспорты 7,8 пайызға ұлғайған және бұл динамиканы нарық көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясы толықтай қамтамасыз етіп отыр.

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қонаевта 866 бала қызылшаға қарсы екпе алды

    2 years ago
    Аңшылық маусымы ашылды

    Аңшылық маусымы ашылды

    3 months ago
    Көне жазудың құпиясын ашқан

    Көне жазудың құпиясын ашқан

    3 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Министрлік: Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салуды қолдады

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>