-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Дарынымен дараланды

    30.01.2024
    in Білім-ғылым
    Дарынымен дараланды
    0
    SHARES
    57
    VIEWS

    Астанада өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Еңбекшіқазақ ауданынан қатысқан жас дарын Нұрислам Абдухамит жеңімпаз атанды. Ол аталған білім жарысында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қатарластарынан озып шығып, ұстаздарының мерейін үстем етті.

    №1 Рахат орта мектебінің оқушысы Нұрислам Абдухамит жайында бұдан бұрын да қалам тербеп, жас дарынның «Поэзияға ғашықпын» атты алғашқы жыр жинағының жарық көргендігін жұртқа жария еткен едік. Енді міне, оның тағы бір биік белесті бағындырған жетістігіне куә болып отырмыз. Сөйтсек, Нұрислам сөз өнері ғана емес, табиғаттың тылсым сырына бойлайтын жаратылыстану пәндерінен де алдына жан салмайтын жүйрік екен.

    Ізденістен іркілмей зейін қойып, зердеге тоқымай білім бәйгесінде топ жару мүмкін емес-ті. Нұрислам да еліміздің әр өңірінен ең білімді шәкірттер жиналған білім додасына жету үшін аудандық, облыстық сыннан сүрінбей өтті.
    – Кез келген олимпиаданың оңай болмасы анық. Сондықтан осы білім бәйгесінің әр кезеңіне тыңғылықты дайындалдым. Химия пәнінен сабақ беретін ұстазым Ерназар Нұртай маған күрделі есептердің сан алуан шешу жолдарын үйретті. Логикалық ойлау әдістерін меңгертті. Сөйтіп, химия пәніне деген қызығушылығымды арттырды. Бірақ осылай топ жарамын деп ойламадым. Астанада өзге облыстардан келген оқушылармен бірге сынға түскенде, өзімнің шынымен де жақсы дайындалғанымды аңғардым. Өзіме деген сенімім артып, алға ұмтылдым. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, республикалық олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атандым. Қазір ұстазыммен бірге тағы бір ғылыми жоба дайындап жатырмыз. Алда халықаралық олимпиадаларға қатысам деген ойдамын. Мұғалімім Ерназар ағайға, қолдау көрсеткен мектеп ұжымына зор алғыс айтамын, – дейді дарынды жас Нұрислам Абдухамит.

    №1 Рахат орта мектебінің ұжымы оқушысының жетістігін білім ордасының даңқына балайды.
    – Нұрислам Абдухамит – мектебіміздегі ең үздік оқушылардың бірі. Ол барлық пәнді жақсы оқиды. Мен оған асқақ арман, зор шығармашылық табыс тілеймін! Оның осы жолғы жетістігін ауданымыздың абыройы деп білемін. Біз дарынды шәкіртімізге қашанда қолдау көрсетеміз, – дейді мектеп директоры Бибігүл Жұмаханқызы.

    Талапты шәкірт бұған дейін де аудан, облыс, республика көлемінде өткен шараларда сан мәрте жүлде алыпты. Сөз арасында жас дарын қолынан қаламын тастамай жыр жазып жүргендігін айтып қалды. «Жыр қанаты талмасын» деп іштей сүйініш білдірдік. Топтан озған Нұрисламның республикалық физика-математика мектебінің оқу гранты иегері атанғаны тағы бар. Жас шәкіртті жеңісімен құттықтап, жас ұрпақты жан-жақты дамытуға күш салған ұстаздарға да алғыс айтуды міндет деп білдік.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    2 months ago
    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    1 year ago
    Ел еңсесін еңбек көтереді

    Ел еңсесін еңбек көтереді

    5 days ago
    Қонаевта жер учаскелері түгенделіп жатыр

    Қонаевта жер учаскелері түгенделіп жатыр

    1 year ago
    Терең өңдеу табысқа бастайды

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.