-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасай ауданында экономикалық даму қарқыны жоғары

    25.01.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Қарасай ауданында экономикалық даму қарқыны жоғары
    0
    SHARES
    41
    VIEWS

    Іле Алатауының баурайындағы әсем өлкеде қазір 336 мыңға жуық халық тұрады. Қарасай ауданы – тарихи тамыры терең өңір. Алматы облысындағы ірі ауданның қазіргі дамуы қарқынды. Айталық, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр 576,1 млрд теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 94,6 млрд теңгеден асқан, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Аудан әкімі Жасұлан Естеновтің айтуынша, өткен жылы аудан бюджетіне 87,4 млрд теңге түсіп, 2022 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға ұлғайған. Өңірдің дамуын ауданның келбетіне қарап және күн санап көркейіп келе жатқан әрбір ауылдың тыныс-тіршілігінен көруге болады. Нарық заңдылығына сай шағын кәсіпкерлік көбейіп, шаруа қожалықтары жыл санап өсуде. Ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындар да барынша молайып келеді. Мәселен, бүгінгі таңда аймақта 18 ірі өндірістік, оның ішіндегі 7 жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. Олар: «RG BRANDS Kazakhstan», «Coca-Cola Almaty Bottlers», «Hamle Company LTD», «Asia Agro Food», «Efes Kazakhstan», «Kagazy Recycling», «Келун Казфарм». Аудандағы өнеркәсіп өнімдерінің 90 пайызы аталған кәсіпорындарға тиесілі.
    Аудан әкімі инвестиция тарту жұмыстары ілгерілеп келе жатқанын алға тартты. Нақтырақ айтар болсақ, Оңтүстік Кореяның ірі «KT&G» компаниясы 405 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін фабрика салып жатыр. Жоба құны 90 млрд теңгені құрайды. Бұдан өзге «Алтын Таға» темірбетон бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Жоба іске асса 1200 жаңа жұмыс орны ашылады.
    «Елтай ауылдық округінде «Фокус» логистикалық кешені салынып жатыр.Инвестиция мөлшері 30 млрд теңге. Жоба 2024 жылы іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, Шамалған ауылында 2,4 гектар жер теліміне «Қазақстандық құбыр арматурасы зауытының» іргетасы қаланды. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 154,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 88,1 пайызға жетті. Ауданға инвестиция салуға ниетті кез келген кәсіпкерге әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетуге, кәсіпорын салушы азаматтарды қажетті инфрақұрылымдармен толықтай қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы.
    Аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін тағы бір фактор – шағын және орта кәсіпкерлік. Бұл сала бойынша «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 200 кәсіпкерге 6,1 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
    «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 48,3 млн теңге көлемінде 35 азаматқа мемлекеттік грант табысталды. Сонымен қатар, 61 азаматқа 5 млн теңгеден барлығы 305 млн теңге шағын несие берілді. Қарасай ауданында 2023 жылы 9633 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 7552 тұрақты, 2081 адам уақытша жұмыспен қамтылды», – деді спикер.
    Өндірісі өркендеген аймақта басты назарға іліккен әлеуметтік-саяси жағдай бұл саяжай массивтерімен астасып жатыр. Аудан, облыс бойынша саяжай массивтері саны жағынан көш басында. Өңірде екі жүзге тарта саяжай бар. Соның 52-сі елді мекен құрамына енгізілмек. Қазіргі таңда «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп құжаттары даярланып жатыр.
    Елдің жайы жергілікті билік үшін ең басты мәселе болуы тиіс. Осы ретте Қарасай ауданында хаықтың басты базынасына айналған су жүйесіне қатысты біршама іс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
    Жасұлан Естеновтың сөзіне сүйенсек, ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін 2 елдімекенде ауыз су жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ал 9 ауылдың ауыз су жүйелері қайта жаңғырады. Бұл мақсатта қазынадан 187,4 млн. теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
    «Айта кету керек, Қаскелең топтық су құбыры салынып жатыр. Топтық су құбырына ауданның 18 елдімекені кіреді. Жоспарға сәйкес, жұмыстар 2024 жылдың соңында аяқталуы тиіс», – деп атап өтті аудан басшысы.
    Баспасөз мәслихатында әкім айтқан кезекті мағлұмат көгілдір отын жайына қатысты болды. Жалпы, Қарасайда 47 елді мекеннің 43-іне газ жүргізілген. Ендігіде әкімдіктің нысанасына алынған жұмыс – 300 тұрғын үйі бар Сауыншы ауылын газбен қамту болып тұр. Бүгінде магистральды газ құбырының бастапқы құрылыс жұмыстарына 1 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып-алу конкурсы жүріп жатыр. 2024 жылы сауыншылық тұрғындар газға толықтай қосылуы керек.
    Облыс үшін де, аудан үшін де келесі өзекті мәселе- үш ауысымды мектеп мәселесі. Ауданда өткен жылы үш ауысымда оқытатын 12 мектеп болса, биыл оның саны 6-ға азайған.
    «2024-2025 жылдары қалған мектептерде үш ауысымда оқыту мәселесін жою үшін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында аудан бойынша жалпы 13 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 10 мектеп салу қарастырылған. Одан бөлек, «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 900 орындық және жеке кәсіпкер бастамасымен «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 2000 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар іске асқаннан кейін ауданымыздағы үш ауысымды мектептердің мәселесі толықтай шешіледі», – деді аудан әкімі.
    «Жолдың жайын жүрген білер, елдің жайын әкім білер» демекші, Жасұлан Тоққожаұлы өзі басқаратын аймақтағы жол сапасы туралы сөз қозғады.
    Айтуынша, аудандық маңызы бар 1115 шақырым жолдың 527 шақырымына жөндеу жүргізілген, қалған 588 шақырымы әлі де жөндеуді талап етеді.
    «Биыл аудан жолдарын жөндеуге 2,9 млрд теңге қарастырылып, 18 елді мекеннің 47 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекеннің 30 көшесінің 22,5 шақырымы жөнделеді. «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен Жібек жолы бекетін айналып өтетін, жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын автомобиль жолы көлік өткелі салынып жатыр. Жұмыстар 70 пайызға орындалған. Ал, аяқтау мерзімі 2024 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр», – деп қорытты спикер сөзін.

    Ұсынымдар

    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    2 years ago
    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    2 years ago
    Сыбайлас жемқорлық

    Жемқорлар жазасыз қалмайды

    2 years ago
    су тасқыны гуманитарлық көмек

    “Күшіміз – бірлікте” еріктілер штабының жұмысы аяқталды

    1 year ago
    Желтоқсан желі ызғарлы

    Желтоқсан желі ызғарлы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.