⛅
24°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    17.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы
    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Бүгін елімізде Шаңырақ күні тойлануда. Мейрам қарсаңында Қонаев қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова отасқандарына 60 жыл толған Шыныбаевтар отбасымен тілдесіп, сый-сияпат табыстап қайтты.

    Жақабай Шыныбаев пен Айтаңсық Тұрғамбаева бүгінде 2 ұлын ұяға, 3 қызын қияға қондырған. Балаларынан 14 немере, 21 шөбере сүйіп отыр.

    Осы әулеттің отағасы Жақабай ата теміржол саласында қызмет етсе, жұбайы 36 жыл ұстаз болған. Айтаңсық апа «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен марапатталып, зейнетке шыққан.

    “Шаңырақ күнін тойлату дәстүрге айналса керек. Қоғамның іргесін қалаушы әр отбасы тату, қыздары қылықты, ұлдары мінезді, намысшыл болса, ел еңсесінің тік болғаны. Барша қазақстандықтарға бақыт тілейміз. Жас отбасылардың ажырасуы азайып, әр шаңырақ биік болсын! Кез келген жанұя үшін әр күн мереке болуы керек. Біздің отасқанымызға 60 жыл болды. Қызығы мен шыжығын қатар көріп келеміз. Осы күнімізге шүкір, тәубе дейміз”, – деді қос қария пікір білдіріп.

    Бұдан кейін Арна ауылдық клубының директоры Анаргүл Серікқызы отау құрғандарына 40-50 жыл болған 4 отбасын мерекемен құттықтап шықты. Аталар ақ батасын беріп, әжелер алғысын жаудырды.

    Қонаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

    Соңғы жаңалықтар

    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    04.04.2026
    Экожүйені реттейді
    04.04.2026
    Қара шаңырақ
    04.04.2026
    Отбасы және дін
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>