☀️
10°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

    16.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

    Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста қанды ісік анықталған. Дәрігерлер бірден ота үстеліне әкеліп, сүйекті сақтай отыра ісіктің көзін жойған. Абырой болғанда, зардап шеккен азамат дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Күрделі отадан кейін келесі күні есін жиыпты. Медицина мамандарының айтуынша, науқасқа екі апта бойы оңалту шаралары жүргізіліп, аяқтан тік тұрған.

    – Біздің ауруханада мұндай науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Өйткені, емханада компьютерлік томография, МРТ бар. Барлық медициналық көмек науқастар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізіледі. Былтыр жаңа заманауи құрылғылар сатып алынды. Микроскоп, арнайы бұрғылау құралдары әкелінді. Мұнымен қоса, нейрохирургиялық бағытта емдеуді қажет ететін науқастар МӘМС аясында квотаға ие болу арқылы өзге ірі ауруханаларға жіберіледі. Ота үшін жолдаманы 2 апта ғана күтеді, – дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Марат Гизатуллин.

    Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, бүгінде отадан өткен науқаста неврологиялық жетіспеушілік жоқ. Айта кетерлігі, көлік апатынан аман қалған тұрғынға қажетті медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетілді. Жалпы, күніне Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жол апатынан зардап шеккен 10-ға тарта науқас түседі. Нейрохирург-дәрігер Марат Римовичтің сөзінше, травматология және нейрохирургиялық бөлімге бас, арқа, омыртқа жарақаттарымен келетін науқастардың 100-ге жуығы пышаққа түседі. Олардың тең жартысына ота бас сүйегіне жасалады, – дейді дәрігер.

    МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    10 months ago
    МӘТІБҰЛАҚ ӘН МЕН ЖЫРҒА БӨЛЕНДІ

    МӘТІБҰЛАҚ ӘН МЕН ЖЫРҒА БӨЛЕНДІ

    12 months ago
    Казахстан – генератор идеи ШОС

    Татулық – біздің басты бағдарымыз

    1 year ago
    Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

    Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

    2 years ago
    Заң бұзған коммуналдық қызмет көрсету субъектілері жауапқа тартылды

    Заң бұзған коммуналдық қызмет көрсету субъектілері жауапқа тартылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>