-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

    26.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Қуғын-сүргін құрбандары, Мәдениет, Өңір тынысы, Тарих
    Облыстық әмбебап кітапхана жаңа кітап қорымен толықты
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия зерделеген ақпараттармен толыққан.
    Айналасы 3 жылдың ішінде тарихшылар құнды һәм құпия деректерді жинақтаған, бұл ретте Алматы облысына қатысты тарих қойнауында қалған мәліметтер де басылған.
    Кітаптың қос томы Алматы облысында қуғын-сүргін жылдарында болған оқиғаларға арналған. Алматы облыстық өңірлік комиссияның жұмыс тобының жетекшісі Еркін Иманғазыұлы аталмыш кітапты жарыққа шығару ісіне «архивтегі революция» деп баға берді.
    «Өңірлік комиссия мүшелері осы уақыт аралығында тың мәліметтерді архивтен көтерді. Төте жазудан кириллицаға аудару үшін аудармашылар да жұмылдырылды. Білген адамға тарихтан артық асыл құндылық жоқ. Менің ойымша, жұмыс тобы өзінің мақсатына жетті. Бұл өміршең жоба болады деп сенемін», – деді Еркін Иманғазыұлы.

    Тарихи жазбаны табыстаған «Қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы Елбосын Абай жарық көрген туынды өз оқырманын табатынын айтты.
    «Һәкім Абай «Артық білім кітапта» дейді. Сондықтан сапалы кітап қашанда қажет. Сол себепті, бүгін біздер, 400 данаға жуық кітапты Алматы облыстық әмбебап кітапханасына табыстадық. Кітапхана қоры тағы бір асыл мұрамен толықты деп айтуға болады. Өткен шақсыз — тарих, бүгін күнсіз — болашақ жоқ. Сондықтан, өңірлік комиссия мүшелері болған, кітап шығаруға атсалысқан әр жанға айтар алғысымыз бөлек», —деді Елбосын Абай.
    Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік өңірлік комиссияға 10 адам мүше болған. Олар табан аудармастан ұлтқа қажетті құнды деректерді жинақтап, 52 томнан тұратын кітап шығарып, бүтін елдің өткенін түгендеді.

    Анар Сабырова

    Ұсынымдар

    Отанды сүю – ең ұлы сезім

    Отанды сүю – ең ұлы сезім

    2 years ago
    Тұрғын үй бой көтеруде

    Тұрғын үй бой көтеруде

    4 months ago
    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    8 months ago
    Облыста биыл 221 адам АИТВ жұқтырған

    Облыста биыл 221 адам АИТВ жұқтырған

    2 years ago
    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>