-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    08.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Жеті облыста 3745 үйді су басты
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қазақстанның 7 облысында 3 745 жер үй су астында қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

    «Су тасқыны басталғалы бері 75 982 адам, оның ішінде 18 681 бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерінің көмегімен 2 811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 971 бас төрт түлік мал мен үй жануары қауіпсіздік жерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 126 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштер көмегімен 7,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағынан су бұрылды»,- деді ТЖМ өкілі брифингте.

    Оның дерегінше, тәулік бойы апаттан құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1651 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

    «Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жер үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық штабтың бақылауында. «Жедел желі» телефонына 1052 қоңырау түсті. Республикалық және жедел штабтар жұмыс істейді. Барлық күштер мен құралдар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды. Жағдай күрделенетін болса, шұғыл шаралар қабылданады», – деді Ерасыл Сайпаш.

    Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна ауылының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды.

    Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.

    “Ұлттық волонтерлік желісінің” дерегінше, тасқынмен күреске республика бойынша 25 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    2 years ago
    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    1 year ago
    Мерекедегі мерейлі сәт

    Мерекедегі мерейлі сәт

    10 months ago
    Алматы облысында тұрғыннан 5 тонна есірткілік өсімдік тәркіленді

    Алматы облысында тұрғыннан 5 тонна есірткілік өсімдік тәркіленді

    2 years ago
    Нестердің тазылары

    Нестердің тазылары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>