⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысын тексерді

    30.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Үкімет
    Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысын тексерді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Бпектенов Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысының жұмыс қарқынымен танысты.

    Жыл соңына дейін 3000 шаршы метр алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын тұрғызу жұмыстары аяқталған. Мектепке қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылып, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.

    Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы жүргізудің маңызды екенін баса айтты.

    Елімізде 2024-2025 жылдар аралығында Ұлттық жоба бойынша барлығы 369 мектеп ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады. Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектептер оқушылар мен мұғалімдер үшін жоғары қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай стандартқа сай салынбақ.

    Премьер-Министр жаңа жобалар әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өткізуді жеделдетуді және салынып жатқан ғимараттарды пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

    «Бұл – Президенттің мегажобасы. Оның сапалы әрі уақытында іске асырылуын қатаң бақылауға алу қажет. Жайлы мектептердің құрылысы балаларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасауға бағытталған. Үкімет алдында 2025 жылдың соңына қарай 740 мың жаңа оқушы орнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Құрылыс жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


    Ұсынымдар

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    3 years ago
    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    2 years ago
    Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

    Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

    1 month ago
    Есбергеновтің есімі  берілсе

    Есбергеновтің есімі берілсе

    4 months ago
    Ерекше жандарға құрмет

    Ерекше жандарға құрмет

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>