-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қайраткердің әділет тақтасы

    27.05.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Қайраткердің әділет тақтасы
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Алматыдағы Құрманғазы мен Мәуленов көшелерінің қиылысында орналасқан үйде мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-тақта ашылды. Тағылымды шараға Заманбек Қалабайұлының отбасы мүшелері,  қатарлас әріптестері мен бірге оқыған достары, қаламгерлер қауымы қатысты.

    Жұртшылыққа белгілі, Замабек Қалабайұлының туғанына 80 жыл толуына арналған аста Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы көңіл хатын оқып,  Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар қатарында Заманбек Нұрқаділовтің есімі ерекше аталатынын жеткізген еді. «Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып,  өңірлерді өркендетуге  үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру ­ ­– ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнін туған жері ­­­– Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орату және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын», ­ – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Бұл күні шараға жиналған жұртшылық Президенттің бастамасы  негізінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың  шешімімен Зәкең 10 жылдан аса тұрған үйде ескерткіш-тақтаның ашылуына куә болды. Салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Берік Шаханов зиялы қауым өкілдерін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер  Заманбек Нұрқаділов тұрған үйдің қасбетіне ескерткіш-тақтаның ашылуымен құттықтады.

    – Тәуелсіздік жылдары Заманбек Қалабайұлы ел басқару ісінде өзіндік орны бар білікті басшы, қабырғалы қайраткер ретінде ерекшеленді. Біз осынау аты аңызға айналған тұлғаны еліне алғаусыз қызмет жасаған азамат ретінде танимыз. Ол Қазақстанның өркендеуі жолында янбай тер төккен саясаткерлер қатарынан еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарып, мемлекеттің іргетасын нығайтуға айрықшы атсалысты. Заманбек Қалабайұлының  әсіресе Алматы қаласын өркендетуге сіңірген еңбегі зор.  Еліміздің бас қаласына әкім болып тағайындалған ол қала тарихында өз қолтаңбасын қалдыра блді. Сол себепті өзі тұрақты мекен еткен, еңбегі сіңген  қалада есімін әйгілеп, тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнату заңды әрі тарихи әділеттік деп санаймыз. Заманбак Қалабайұлының ел басқару тәжірибесі, тұлғалық болмысы, қалдырған өнегесі кейінгі буынға үлгі, – деді ол өз сөзінде.

    Осыдан кейін Берік Шаханов пен марқұмның жары Нұрбике  Ілімбайқызы ескерткіш-тақтаны салтанатты түрде ашты.

    Заманбек Нұрқаділовтің жерлес, ос үйде көрші тұрып,  сырлас досы болған мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Нұрлан Оразалин сөз алып, Зәкеңнін адами болмысы, азаматтық келбеті мен қайраткерлік қыры жөнінде тебірене естелік айтты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне  арналып салынған үйге 1985 жылы Мұхтар Мағауин, Шона Смаханұлы, Қабдеш Жұмаділов сынды айтулы қаламгерлер қоныстанғанын, солардың қатарында Алматы қаласы партия комитетінің екінші хатшысы Заманбек Нұрқаділовтің  де  болғанын айтып, оның өлең жазғанын, шығармашылыққа жақын болғанын  жеткізді.

    – Кешегі алмағайып кезеңде жұрты үшін аянбай еңбек етіп, өз астанасында өгей баланың күйін кешкен қандастарымызды қалаға қоныстандырған ерлігі өз алдына бір бөлек әңгіме. Сондықтан бұл – әділеттің, шындықтың тақтасы, – деді қаламгер.

    Келесі болып сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Ермегияев Заманбекпен бір өңірде, бір жылы дүниеге келгенін айта келіп, оның досқа сенімді, айналасына адал болып, ұлты үшін ішкен асын жерге қоятын қасиеттерін баяндады. Әріптесі ретінде Алматы қаласының сәулетін арттыруға сіңірген еңбегі, қаланы басқарған тұста жұртшылыққа жасаған жақсылығы мен дархандығы, ұлт мүддесі жолындағы  күресіне де тоқталып,  осы орайда  Заманбек Нұрқаділовке Алматы қаласынан бір көше атауын беріп, ескерткіш орнату қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді.

    Заманбек Қалабайұлымен бір курста білім алған досы Жақсылық Тұнғатаров Зәкеңнін жастық шағындағы атқарған ісі, политехниалық институтты «қызыл дипломға» бітіріп, пәтерден-пәтерге көше жүріп еңбек еткенін сөзіне қосып, оның жұмбақ өліміне байланысты шындықтың бетін ашу керектігін баса айтты.

    Салтанатты жиында Заманбек Қалабайұлының жары Нұрбике  Ілімбайқызы мен ұлы Қайрат Заманбекұлы сөз алып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Алматы қаласы мен облысында атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын жеткізді. Атап айтқанда, Кеген ауылындағы өнер мектебіне  Зәкеңнін есімі беріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, таяуда сол жерге  ескерткішін орнату мәселесі шешілуде. Болашақта айтулы тұлғаның атын ұлықтау, оның өнегелі өмірін болашаққа үлгі ету шаралары жалғасын табатын болады.

    Жиыннан кейін ескерткіш-тақтаның ашылуына келген жұртшылық Заманбек Қалабайұлына арналып оқылған құранға қол жайып, арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты.

    Қуат Қайранбаев, 

    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    Жас ұрпақ жадында

    Жас ұрпақ жадында

    3 days ago
    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    6 months ago
    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

    8 months ago
    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    1 year ago
    Жаңа мектептер есігін ашады

    Жаңа мектептер есігін ашады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.