-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ тілін үйретеді

    31.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мемлекеттік тіл
    Қазақ тілін үйретеді
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КЕАҚ ұсынысы бойынша Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі «Qazaq School London» қазақ тілі сыныбында оқитын балаларға «Kazakh Primer» оқулықтарын табыстады. Кітаптың авторы – Құрмет Әубәкіров,  Фарида Қаженова және аудармашы Гүлнұр Ахметова. Жаңа кітап Құрмет Әубәкіровтің жеке қордағы қаржысына 1000 дана болып басылып шықты.

    Аталған кітап шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретуді мақсат тұтқан алғашқы әдістемелік құралдардың бірі саналады әрі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған. Оқу құралын шығарудағы бірінші мақсат – шетелдегі қазақ балалары өз тілін ұмытып, мәңгүрт болып қалмауы. Екіншіден, шетелдік азаматтарға қазақ тілін үйретуді жеңілдетуді көздейді. Кітаптың таныстырылымында осы мақсат баса айтылды.

    Жаңа кітап жуырда Түркия Республикасы Кония провинциясының қазақтарына табысталды. Қазақстанның Түркия және Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев қазақ этносымен мақсатты жұмыс ұйымдастыру шеңберінде кездесу өткізді.  Шара аясында Түркияның Кония провинциясы Қаратай ауданындағы «Исмаил» қазақ мәдени және әлеуметтік көмек қоғамының басшылары Мехмет Әлім, Абдулқайым Тимурмен басқосу болды. Онда Түркиядағы ағайынның мәдени-рухани қажеттіліктері талқыланды.

    Кездесу соңында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-практикалық орталығы ұсынған «Kazakh Рrimer» атты шетелдегі қазақ балаларына арналған оқулықты аталған көмек қоғамының кітапханасына табысталды. Елші аталған басылым шетелдегі қазақ балаларына өз ана тілін үйретуді мақсат тұтқан алғашқы өнімдердің бірі екенін атап өтіп, этностар арасында қазақ тілінің қолданыс аясын көтеруге септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл шара ары қарай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының өтінішімен Ыстанбұл қаласында жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Аманқұл Нұриддин шетелдегі қандастармен қарым-қатынасты одан әрі ілгерілету, ана тілін дамыту мақсатында ауқымды іс-шара өткізді. Қазақ  өкілдерімен болған кездесу барысында Бас консул «Kazakh Рrimer» (Primer with Kazakh Fairy Tales) атты оқулықты Ыстанбұлдағы төрт этнос өкілдеріне салтанатты түрде тапсырды. Түркиядағы «Kazak Türkleri Eğitim ve Araştırma Derneği», «Kazakkent Altay Derneği», «Kazak Türkleri Vakfı» және «Hoca Ahmed Yesevi Ĭlim ve Ĭrfan Vakfı» ұйымдарына жаңа кітаптан 34 дана үлестірілді.

    Гүлім Асхатқызы,

    Түркия Республикасы

    Ұсынымдар

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Мобилография мамандық па?

    10 months ago
    Жас мамандар қанат қақты

    Жас мамандар қанат қақты

    11 months ago
    2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті

    2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8 пайызға өсті

    4 months ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    4 months ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.