Перейти к содержимому
Главная страница » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР Президенті Әкімшілігінің, Іле аудандық мәслихатының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс акаде­миясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаске­сінің брига­дирі қызметінен бастаған. Әр жыл­­дары Жамбыл облысы Тараз қаласын­­дағы «Сарыарқа» ауыл шаруа­­шылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қалалық мемле­кет­тік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимарат­тарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.