❄️
-14°C
Қонаев
Жұма, Қаңтар 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татамидегі тартыс

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Татамидегі тартыс
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Есік қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығында дзюдо күресінен ашық облыстық турнир өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы мен облыстың барлық ауданынан 200-ден астам жас балуан қатысты.

    Дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық дзюдо федерациясы және Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы ұйытқы болған турнирге 2012-2013 және 2014-2016 жылы туған жасөспірімдер 20 медаль жиынтығын сарапқа салып, кіл мықтылар анықталды.
    Жарыстың ашылу салтанатына Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, облыстық самбо федерациясының вице-президенті Бақытбек Сақалов, облыстық прокуратурадағы кадрлық жұмыс тобының аға прокуроры Ержан Медеубаев, Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры Бауыржан Қыбыраев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Төлеген Сұлтанов пен Қапар Рауанов, қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы Бауыржан Тәліп, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
    «Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: ­«Қазақстандағы әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек», – деп айтып өтті. Осынау жалпыұлттық міндетті жүзеге асыру мақсатында облыстық прокуратура «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында әр ауданда уәкілетті органдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бір бағыты – жас ұрпаққа саламатты өмір салтын насихаттап, рухты, жігерлі жастар тәрбиесіне үлес қосу. Бүгінгі турнир Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отыр», – деді аудан прокуроры Бауыржан Маратбекұлы.
    Ал турнирдің бас төрешісі Нұрғали Жолтаев: «Мұндай жарыстар баланың спортшы ретінде өсуіне, шеберлігін шыңдап, мінезін қалыптастыруға, алға нық қадам басып, жаңа деңгейге ұмтылуына көп көмек болады», – дейді.
    Иә, салауатты өмір салты мен спорт – еліміздің даму стратегиясында басты бағыттардың бірі десек, бұқараның, әсіресе, жастардың спортқа жақын болуы маңызды. Сондықтан жасөспірімдер арасында спорттық жарыстарды жиі өткізіп, жасындай жалындаған жігерлі, рухты ұл-қыздар қатарының артуына басымдық беру керек.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі» тақырыбында жиын өтті

    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі» тақырыбында жиын өтті

    6 months ago
    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    2 years ago
    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    2 years ago
    Қарасайлық науқасқа күрделі жүрек отасы сәтті жасалды

    Қарасайлық науқасқа күрделі жүрек отасы сәтті жасалды

    5 months ago
    Заманауи аурухана салынады

    Заманауи аурухана салынады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>