-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Терең өңдеу табысқа бастайды

    23.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Терең өңдеу табысқа бастайды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

        Алматы облысына  ҚР Парламенті Сенатының агарарлық мәселелер, табиғатты қорғау және аумақты дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған депутаттар жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі меймандарды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев және Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов қарсы алып, өлкеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

    Халық қалаулыларының бұл сапары өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен агароөнеркәсіп кешенін дамытудың толғақты  мәселелеріне арналғанын айта кету керек. Сондықтан олар алғашқы болып жүгері мен бидай өнімдерін терең өңдеумен айналысатын «АзияАгроФуд» жауапкерлілігі шектеулі серіктестігінің  өндіріс орнына ат басын тіреді. Бұл жерде депутаттар мен өңір басшылары 2003 жылы пайдалануға берілген бірегей жүгері крахмалын шығаратын комбинаттың жұмысымен танысты. Бүгіндері комбинат  тәулігіне 200 тонна  жүгері мен бидайды өңдеуден өткізіп, жоғары сапалы  өнім өндіруді жолға қойған.  Өндіріс қалдықсыз технология бойынша жұмыс жасап,  тұтынушылардың жоғары сұранысына ие болған стратегиялық шикізаттарды  ұсынып  келеді. Кешенде  АҚШ, Германия, Швеция және  Ресейдің  алдыңғы қатарлы  құрылғылары орнатылған.  Мұнда шығарылатын глюкоза мен сірне шырындары «Баян Сұлу», «Алматы өнімдері», «Шымкент Рахат», «Тараз халвасы», «Zera KZ»   cияқты әйгілі  компанияларда кондитерлік өнімдер өндіруде кеңінен пайдаланылып келеді.  Сонымен қатар  кәсіпорын тауарлары  Ресей Федерациясына,  Өзбекстан мен  Тәжікстанға  экспортталуда.

    Бүгінде облыс шаруалары елімізде өсірілетін жүгері дақылының 80 пайыздан астамын өндіріп келе жатқанын айта кету керек. Суармалы алқаптарда ғана өсетін жүгері  2000-жылдары 20 мың гектар алқапты құраған болса,  бүгіндері егістік көлемі 100 мың гектарға дейін жеткен. Қарасай ауданында орналасқан  «АзияАгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл күндері жүйе құраушы кәсіпорынға айналып, ауданның экономикасын көтеруге ықпалын тигізіп келеді.

    Бұл күні халық қалаулылары Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында орналасқан  «KT&G Kazakhstan» ЖШС-не тиесілі  темекі өнімдерін өндірумен айналысатын  зауыттың құрылысымен, Жібек жолы елдімекеніндегі темірбетон өнімдерін шығаруға маманданған «Алтын таға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орындарымен танысып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    4 months ago
    Алатау арланы анықталды

    Алатау арланы анықталды

    1 year ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Шеңгелді ауылдық округінде 10 балалар алаңы салынады

    3 months ago
    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    1 month ago
    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>