-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Асыл армандықтарға» арман болған мектеп құрылысы қашан бітеді?

    25.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    «Асыл армандықтарға» арман болған мектеп құрылысы қашан бітеді?

    default

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

        2014 жылы Қарасай ауданының Іргелі ауылына іргелес «Асыл арман» тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта мұнда орналасқан 21 үйде 25 мыңнан астам тұрғын тіршілік кешуде. Кешен ашылған күннен бері және бүгінге дейін ең өзекті мәселе – мектептің жоқтығы болып отыр. Бір жылдары әупірімдеп басталғанымен, түрлі себептерге байланысты құрылыс ұзаққа созылып, сақалды кешенге айналған.

    Жауапты адамдардың айтуынша, білім шаңырағын салу жұмысы 2021 жылы басталғанымен, құрылыс материалдары бағасының жиі көтерілуі және сметаны қайта есептеу қажеттілігі себепті жұмыс тоқтап қалған. Ал осы кешенде тұратын балалардың біразы Кемертоған ауылына қатынап оқуға мәжбүр. Аудан тарапынан оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Дегенмен, мүмкіндігі бар ата-аналар өз балаларын Алматы қаласындағы мектептерге немесе лицейлерге апарып оқытуда.

    Бір шетін оқиға болмаса, жайбарақаттыққа салынып жүре беретін әдетіміздің бары рас. Өткен жылдың қараша айында жеті жасар оқушының мектепке барар жолда көлік астына түсіп, қаза тапқаны үлкен кешенде мектеп салудың өзектілігін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Онда балаларды мектепке жеткізетін шағын автобустың жүргізушісі, кері жүріп бара жатып, баланы байқамай қағып кеткен болатын. «Асыл арман» тұрғын үй кешеніне жақын жерде болған оқиға салдарынан жарақат алған бала сол жерде көз жұмды.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, халық саны көп «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде өз мектебі болса, мұндай қайғылы жағдай болмас еді. Оның үстіне, 25 мыңнан аса тұрғыны бар кешенде бір білім шаңырағының салынбауы да түрлі ойға жетелейді. Осыған байланысты біз мектептің құрылыс алаңына барып, жекелеген жұмыстардың атқарылып  жатқанына куә болдық. Бір қуанарлығы, қыс мезгіліне қарамастан, мұнда жұмыс толық қарқынмен жүруде. Бүгінде ғимаратты салу ісі 70 пайызға орындалып, қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған және терезелердің басым бөлігі орнатылған. Енді ішкі және сыртқы әрлеу жұмысы мен аумақты абаттандыру қалып отыр. Жалпы алғанда, болашақ мектеп ғимаратының негізгі сұлбасы айқын көріне бастаған. Мектептің сыйымдылығы 2000 орынға арналған.

    Тапсырыс беруші компанияның өкілі, «Advennto» ЖШС директоры Ержан Майлыбаевтың айтуынша, бұл үш қабатты заманауи білім беру мекемесі мектепке арналған бюджеттік қаржыландыру аясында салынуда. Құрылыс жұмысы пандемияның және құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты тоқтатылған көрінеді. Инвесторлармен келіссөз ұзаққа созылып, смета қайта есептелген.

    Қазір құрылыс жұмысын тездету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Облыс басшылығы да бұл мәселеге қолдау көрсетіп, тұрғын үй кешенінде білім шаңырағының  мүмкіндігінше тезірек ашылуын қамтамасыз етуде.

    Ержан Құрманәлиұлының айтуынша, ауа райы жылынған сайын жұмысшылар мен техниканың саны көбейеді. Қалай болғанда да, биыл көптен күткен бұл ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Демек, жаңа оқу жылын «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі балалар үйлерінің маңында орналасқан жаңа мектепте қарсы алады деуге негіз бар.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Технократтар тәлімгері

    Технократтар тәлімгері

    3 months ago
    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    Ұлт тұтастығын тұлғалар қалыптастырады

    6 months ago
    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    2 years ago
    Зер қадірін зергер білер

    Зер қадірін зергер білер

    9 months ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Алматы облысында тауарлы газ бағасы арзандады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>