Жамбыл ауданында өңірді дамыту үшін инвестиция тарту жəне жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Осыған орай, аудан əкімі Нұрлан Ертас кәсіпкерлермен кезекті кеңес өткізді. Жиынға инвестициялық жобалардың өкілдері жəне жұмыс істеп тұрған кəсіпорын жетекшілері қатысты.
Жамбыл ауданында кəсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше стратегиялық бағыт анықталған. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында облыс жəне аудан деңгейіндегі инвестициялық жобалар кеңінен талқыланды. Шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсету, өндірістік саланы дамыту, жергілікті кəсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдіктер мен гранттар алудың мүмкіндігі жайлы толыққанды ақпарат берілді. Отырыста кəсіпкерлер өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, əкімдік тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетілуін сұрады.
Аудан басшысы Нұрлан Ертасұлының айтуынша, кəсіпкерлікті дамыту – аймақтың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен жұмыссыздықты төмендетудің маңызды факторларының бірі. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ бизнес қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнату ерекше маңызға ие. Осы орайда аудандық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Шыңғыс Мәдіғұл сөз алып, цифрландыруды дамыту, заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарланған жобалар туралы хабардар етті.
Жиын соңында қатысушылар ауданның бизнес ахуалын жақсарту, инвесторлар мен кəсіпкерлер үшін ыңғайлы жағдай жасау бағытында бірқатар ұсыныс пен бастамаларды ортаға салып, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істейтіндерін білдірді. Мұндай келелі кеңес кəсіпкерлікті дамыту жолында маңызды қадам болып, экономиканың тұрақты өсуі мен əлеуметтік жағдайды жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы