-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Түйткілді мәселе көп

    08.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Түйткілді мәселе көп
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өңірлер­дің дамуы мен тұрғындардың қажеттіліктерін басты назарда ұстауды тапсырған болатын. Осы міндетті орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің де­путаттары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжан, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мақсат Толықбай мен Максим Рожин Іле ауданына арнайы іссапармен келді.

    Халық қалаулылары алғашқы кезекте облыстық балалар клиникалық ауруханасында болып, медициналық мекеменің хал-ахуалымен танысты. Аурухананың техникалық жабдықтарын көріп, қызметкерлермен тілдесті. «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбы аясында қоғамдық тыңдау өткізді. Басқосу барысында аурухана жұмысына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.
    Облыстық, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы соңғы жылдары аурухананың жүктемесі артқанын атап өтті. Бұрын 7000 науқасқа қызмет көрсетуге қаржы бөлінсе, қазір жылына 10 000 адам қабылданады. Алайда қаржыландыру көлемі бұрынғы деңгейде қалып отыр, ал салық жүктемесі жыл сайын өсуде. Басқарма басшысы Мәжіліс депутаттарынан осы мәселеге мән беруді сұрады. Одан бөлек, аурухана жетістігіне де тоқталған Алмат Тұрысбекұлы мұнда ерекше ота жасайтын, Алматы облысы бойынша жалғыз балаларға арналған гемодиализ, күйік шалған науқастарды емдейтін бөлімдер бар екенін, білікті мамандардың жұмыс істейтінін айтты. Бірақ бұл істі ары қарай дамытуға материалдық шектеулер үлкен кедергі болып отырғанын жеткізді. Қызметкерлер тарапынан көтерілген басты мәселенің бірі – аурухананың тозығы жеткен инфрақұрылымы мен күрделі жөндеу жайы болды. Бұл жағдай мекеменің жылыту жүйесіндегі олқылықтарға себеп болып, науқастардың наразылығын тудырып отыр.
    Медицина қызметкерлерінің на­зын тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай партия тарапынан бұл мәселелерді шешуге қолдау көрсетілетінін жеткізді.
    Бұдан соң депутаттар бірнеше жылдан бері аяқталмай келе жатқан Мәдениет үйінің құрылыс алаңына барды. 2022 жылдан бері салыну жоспарланған нысанның іргесі 2024 жылдың аяғында ғана қаланып басталған. Бұл құрылыс алаңына қатысты бітпес дау бар. Жыл сайын ауысып отыратын құрылысқа жауапты мердігер компаниялардың айтар сылтауы да көп. Түптеп келгенде мәдени нысанның құрылысы аяқталмай қалып жатыр.
    Мәжіліс депутаты Максим Рожин нысан құрылысына қатысты бірнеше мәселені алға тартты. Ол – жобаның дұрыс жасалмауы, жер мәселесінің туындауы, қаржыландырудың жеткі­ліксіздігі және жауапты тараптардың салғырттығы. Құрылыс мерзімі созылған сайын жобаның құны өсіп жатқаны тағы бар.
    Депутат бұл мәселенің Парламент қабырғасында талқыланғанын, сондай-ақ басқа аудан мен ауылдарда да осыған ұқсас проблемалардың бар екенін айтты. Оның пікірінше, басты мәселе – техникасы жоқ, жұмысшы саны аз компаниялардың тендерді ұтып алуында. Мұндай компаниялар жергілікті жерлерде жұмысты өз күшімен жүргізе алмағандықтан, тек бір-екі жұмысшы жалдайды. Ал олардың техникалық немесе қаржылық мүмкіндіктері жеткіліксіз. Осындай жайтты болдырмау үшін жақында Парламентте «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға жергілікті компанияларға басымдық беру талабын енгізу ұсынылғанын айтты. Депутат бұл тетікті қолдану қажеттігін әкімге де ескерткенін және жергілікті компаниялардың азаматтарды жұмыс­пен қамту арқылы өңірге жанашыр­лық танытатынын атап өтті. Максим Рожин Қызылорда облысында бұдан да ауқымды және күрделі нысандар­дың небәрі 9 айдың ішінде аяқталғанын мысалға келтірді. Ол мұны жергілікті жердегі талапшылдықтың арқасы деп түсіндіріп, тәртіп пен талапты күшейту қажеттігін алға тартты.
    Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айдос Күмісбайұлы осы лауазымға бір жарым ай бұрын тағайындалғанын, сол уақыттан бері 400 орынды Мәдениет үйінің құрылыс барысының басы-қасында жүргенін тілге тиек етті. Оның мәлімдеуінше, бастапқыда жобаның жалпы құны 1,65 миллиард теңге болған. Алайда жобаның бірнеше рет өзгеріске ұшырауына байланысты құрылыс басқармасы тарапынан облыстық бюджет комиссиясына қайта ұсыныс жіберілген. Айдос Күмісбайұлы, қазіргі таңда облыстық бюджет комиссиясының хаттамасын күтіп отырғанын, соған сәйкес ғимарат құрылысын қатаң бақылауға алып, тезірек аяқталуын қадағалайтынын жеткізді.
    Құрылыс бойынша мердігерлермен келісімшарт 2025 жылдың маусым айына дейін жасалған. Осы мерзімде нысан толығымен аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.
    Депутаттар сапар барысында Ащыбұлақ ауылдық округінің орталығы Мұхамеджан Түймебаев ауылында тұрғындармен кездесіп, онда біршама өзекті мәселені талқылады. Халық қалаулылары көтерілген сұрақтардың шешімін табу үшін барлық мүмкіндік қарастырылатынын айтты.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    1 year ago
    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Семья пострадавшего от пожара отказалась от предложенной помощи акимата

    5 months ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    Қонаевта 4064 гектар жер мемлекетке қайтарылды

    5 months ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    6 months ago
    Алматы облысында республикалық жолдардан 300-ден астам сынама алынды

    Биылғы бірқатар жолдың құрылысы басталады

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.