-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    03.02.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай «АМАNАТ» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйытқы болуымен «АМАNАТ» – еңбек адамымен» атты жоба жүзеге асуда. Жоба аясында Балқаш аудандық Мәдениет үйінде «Дәулет – Бекет» ЖШС директоры Сыдық Дәулетовпен кездесу өтті.

    Шараны ашқан аудан әкімі Азат Құтпанбетов құрметті қонақты таныстырып, сөз кезегін берді.
    Сыдық Әбуұлы түйе шаруашылығын дамытуда бастан өткерген қиындығы мен бүгінгі жетістігі жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Жас күнінде армандаған мақсатына өзінің еңбекқорлығының арқасында қол жеткізгенін және адал еңбекпен тапқан нанның бойға сіңімді болатынын айтып, осы атқарған жұмысының нәтижесінде көптеген марапатқа ие болғаны жайында сөз қозғады. Сол марапаттардың ішінде «Құрмет», «Парасат» ордендерін алған сәттерге тоқталды.
    Еңбек адамы шаруашылықтағы түйелердің жайы, оларды күтіп-бағудың ерекшелігі, сүт өнімдерін дайындайтын зауытта бір­неше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғаны және дайындалған өнімдерді шет мемлекеттерге экспорттап жүргені турасында да әңгімелеп берді.
    Сыдық Әбуұлы қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, Іле аудандық мәслихатының бірнеше шақырылымының депутаты болған. Қайырымдылық іспен де айналысып, Ақши ауылындағы мектеп, балабақшаға демеушілік жасап, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесіп, көпбалалы аналарға тұрғын үй де алып берген.
    Аудан тұрғындары еңбектің қара қазанын қайнатып жүрген шаруашылық иесіне ризашылықтарын білдіріп, еңбегіне толағай табыс тіледі.
    Кешті қорытындылаған «АМАNАТ» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жұмашұлы адамға ерекше күш-жігер беретін игі шараның қазақтың біртуар перзенті, нағыз еңбек адамының үлгісі болған Дінмұхамед Қонаевтың атамекенінен бастау алғанын жақсылыққа балап, мұндай кездесулер басқа аудандарда да жалғасын табатынын жеткізді.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Бауырдақ – қазақ фастфуды

    Бауырдақ – қазақ фастфуды

    1 year ago
    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    Іле-Балқаш Регатасы шақырады

    1 year ago
    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    10 months ago
    Қонаевта десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығы аталып өтті

    Қонаевта десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығы аталып өтті

    6 days ago
    Қаламгерлерге құрмет

    Қаламгерлерге құрмет

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>