☀️
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Сахара сандуғашы

    15.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Сахара сандуғашы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

          Ұлтымыздың үнжариясы – Қазақ радиосы сонау 1921 жылдан бастап қазақ даласын ән-жырмен тербеп, соны жаңалықтармен сусындатып келеді. Міне, осы киелі қара­шаңырақта 1966 жылдан бері еңбек еткен белгілі диктор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Сауық Жақанова 80 жасқа толып отыр. Ардагер апамыздың мерейтойына орай, Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Сахара сандуғашы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Салтанатты кешті белгілi журналист, айтыскер ақын, «Шалқар» радиосының аға редакторы Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

    Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 1966 жылы бітірген ол еңбек жолын Қазақ радиосының дикторы ретінде бастап, қара шаңырақта 2002 жылға дейін үздіксіз қызмет етті. Кәсіби мансабында Сауық Мәсіғұтқызы ерекше дауысымен халық жүрегіне жол тауып, радионың бетке ұстар дикторларының біріне айналды. Шығармашылығы мен еңбегі жоғары бағаланып, 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, ал 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атанды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілдi.
    Есімі елге белгілі диктордың 80 жасқа толу мерейтойына орай жарық көріп отырған «Сахара сандуғашы» атты кітапта Сауық Жақанованың өмір жолы, радиодағы қызметі, ұстаздық еңбегі мен ел мәдениетінің дамуына қосқан үлесі қамтылған.
    Аталған туынды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, баспагер Рақымғали Құл-Мұхаммедтің тікелей қолдауымен және қаржылық демеушілігімен «Атамұра» баспасынан жарық көріп отыр. Кітаптың құрастырушылары – ҚР Ақпарат саласының үздігі, көрнекті қаламгер Таңсұлу Алдабергенқызы мен ҚР Журналистер одағының мүшесі, радиожурналист Жазира Амантайқызы. Редакторы – Гүлім Сыдықова.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды

    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды

    2 years ago
    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    1 year ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    2 years ago
    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    1 month ago
    Майталман механизатор

    Майталман механизатор

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>