-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітапқұмарлық

    26.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Өмірдің өзінен
    Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды – сауалнама

    Фото: el.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бейсен бала күнінен кітапқұмар болды. Жетінші сыныпқа дейін-ақ шағын ауылдың кітапханасын түгел дерлік оқып тауысты. Оның сыртында тетелес ағасының сыныптастарымен, өзінен екі жас үлкен көрші баламен қолға түскен қызықты шығармаларды алмасып оқып жүрді. Әкесі мұғалім болғандықтан ба, әлде сүт кенжесін ерекше жақын тартқаннан ба, әйтеуір осы баласын алдына алып, төрт жарым-бес жасынан әріп танытты. Әкесінің үміт еткеніне орай ол зеректік танытып, көрсеткенді қағып алып отырды. Алдынан сылдыраған бұлақтан кең дарияға, тіпті, дария емес алып мұхитқа жол ашылғандай-ақ ол сол бетімен кітапқа, әріптер әлеміне бойлай сүңгіп, тереңдей жүзді.

    Үйлері ауылдың батыс жақ шетінде орналасқан еді. Әрі үйдің қасында ауыл жігіттері жасақтаған, әлемдік стандартқа сай өлшенген футбол алаңы болды. Бірінде ауыларалық сайыстар болып жатса, ауыл балалары күні бойы дерлік сол алаңнан табылатын. Адам санының толығуына қарай, жыл-жылға, топ-топқа бірігіп алып, бір қақпа, екі қақпа болып бөлініп, доп байғұсты көкпарға салатын да жататын. Бұл да қалыспай, допқа кірісіп кететін. Ағасының сыныптастары Асқар, Болатжан, Ермек те ауылдағы кітап десе, ішкелі отырған асын ұмытатын кітапқұмарлардың қатарынан еді. Бұл жігіттер қайдан екені белгісіз, әйтеуір «ФХС» сериясымен шыққан небір кітаптарды тауып алып жүретін. Соғыс туралы, детективтік, фантастикалық жанрдағы, басқа да қым-қиғаш оқиғалы кітаптарды солар беріп жүрді. Бір жолы Асқар «Оцеола – семинолдар көсемі» деген үндістер туралы кітап оқып жатқанын айтып, аузының суын ағызды.

    Бұл кезде Бейсен ауылдың орталау мектебін бітіріп, тоғызыншы сыныпты көрші ауылдың интернатына жатып оқып жүрген. Мұнда келіп мектептің кітапханасынан шыға алмай қалды. Үлкен ауылдың кітапхана қоры өте бай еді. Ауылдың кітапханасы «бөтенсің» деп кітап беруден бас тартты. Сонда да өкінген жоқ. Мектептің кітап қорына көңілі әбден толып, тоқ жүрді.

    Асқар айтқан кітаптың жарнамасы мықты болды ма, әлде әлгі ағасының сыныптасының кітап оқуға мұршасы болмай жүрді ме, әне-міне деп, созбақтап жүріп алды. «Қашан бітіресің, қашан бересіңмен» бұл да оның әбден мазасын алды. Әйтеуір, бір сенбіде, «Кітапты алып кетсін» деген хабарын ағасынан айтып жіберіпті. Киіне сап тұра жүгірді. Кітап қалың-ақ екен. Көктем шыға бастаған кез, дала жұмысынан қол тимей, кітап оқуға мұршасы болмай жүргендіктен, интернатқа кетуге асықты. Жексенбі кешке интернатқа келген бойда кітаптың біраз бетін еңсеріп тастады. Одан «Сібетті өшір!» деген Қаншайым апайдың дауысы шыққаннан амал жоқ, жауып, жатуға мәжбүр болды. Бұл апайдың мінезі шатақ. Шаңыңды қағып алады. Ертеңінде Төлеу апайдың кезегі еді. Сабақтан келіп, түскі тамақты ішкеннен кейін интернатішілік біраз тапсырманы істеп тастаған соң, шамамен түстен кейін кітап оқуға қайта кірісті. Кешкі асқа барып келіп, тағы жатты. Түнгі сағат онда «Жатыңдар!» деген бұйрық келді. Оны елең қылмастан кітап оқып жатқанда «тыңдамайды, светті өшірмейді» деген шағым жеткен болуы керек, тәрбиеші Меңдігүл апай жетті. Келе зіркілдеп, жарықты өшіруін талап еткен соң, «Болды, міне, өшірдім!» деп, бөлменің жарығын сөндіріп, қолжуатын бөлмеге кіріп, орындықты кіргізіп алып, аяқты қолжуғыштың ернеуіне асып қойып, кітаптың қызығына күмп берді. Бір сағат өтер-өтпестен тәрбиеші келіп алыпты. «Саған менің сөзім сөз емес пе? Өзің бір тәрбиесіз екенсің? Жат дедім ғой. Қуын қарашы, қолжуатын бөлмеге кіріп алыпты. Мені ақымақ санаймысың? Қане, жат деген соң, жат!» – деп, қолындағы кітапты жұлып алғанда, мұның ызадан көзінен жас ыршып кетті. Ашу кернеп, кітапты жұлып алып, орындыққа атып ұрды да, бөлмесіне кіріп кетті. Оқушының мінез көрсеткеніне ашуланған тәрбиеші «Мен саған көрсетем, аттестатыңа тәртібіңе «екі» қойғызам, құртам, өйтем де бүйтем» деп бұрқыраған күйі  кетті.

    Интернат меңгерушісі сол күндері облыс орталығындағы әлдебір семинарға кеткен болатын. Келген соң, неге екенін кім білсін, үндеген жоқ. Оның әкесі мен Бейсеннің әкесі әрі сыныптас, әрі майдандас достар еді. «Бәлкім, сол себептен шығар?» деген күйі ол да үндемеді. Мектеп бітірер кез таяп қалды. Бейсеннің жүрегі атқақтап, «Не болар екен?» деген ой тыным бермеді. Мектеп бітіру кешінде аттестат қолына тиген бойда ел құсап бірден ашып қалмады. Әуелі әлгі тәрбиеші апайды аңдыды. Соның көзін ала беріп, ашып қарап қалса, тәртібі деген жерде «бес» деген баға тұрғанда үстінен бір ауыр жүк түскендей болып, жеңілдей тыныстады. Өйткені, ауданда танымал ұстаз-математик болған, соғысқа қатысып келген әкесі мұндай масқараны көтере алмай қала ма деп қорыққан еді. Бірақ сол уақиға оның жүрегінде ұмытылмастай жатталып қалды.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    АЛҒАШҚЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    АЛҒАШҚЫ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

    6 months ago
    Тілі бірдің тілегі бір

    Тілі бірдің тілегі бір

    1 year ago
    Бар мейірім – балаға!

    Бар мейірім – балаға!

    11 months ago
    Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    7 months ago
    Үшем дүниеге келді

    Үшем дүниеге келді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.