-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тал егу – сауапты іс

    08.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Тал егу – сауапты іс
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Көктем келісімен тал-терек отырғызу елімізде игі дәстүр­ге айналған. Өскелең ұрпаққа үлгі болар «Таза Қазақстан» акциясына орай тасашылықтар 200 түп тал отырғызып, сауапты іске өз үлесін қосты. Аудан көлемінде бұл іс наурыз айында басталып, аумақты көгалдандыру, елдімекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы шеңберінде ұйымдастырылуда.

    Ауылды көгалдандыруға бұл жолы Кеген аудандық жастар ресурс­тық орталығының қызметкерлері, жастар мен оқушылар бел шеше кірісті. Олардың белсенді әрекеттері арқасында мешіт жанындағы саябаққа көктерек, қарағаш секілді ағаш көшеттері отырғызылды.
    Игі шарада сөз сөйлеген ауылдық әкімдіктің құрылымдық бөлімше басшысы Мәрлен Ибрагимов:
    – Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп ықылым заманнан бері қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән беріп келеді. Міне, баршамыз республика көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан сенбілікке қатысып, өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл болашақ ұрпақ үшін жасалған игі қадам деп білемін. Бүгін егіліп, 10-15 жылдан соң мәуелі ағашқа айналатын тал-­теректің қызығын ертеңгі ұрпақ көреді, – дей келе, жиналған көпшілікке, шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.
    Ал аудандық жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету және NEET тобымен жұмыс бөлімінің басшысы Мерей Әубәкір халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, өңірдің көркеюіне үлес қосатын тал-терек отырғызу шарасынан қалыс қалмау әрбір азаматтың борышы екенін айтты.
    Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Тоғжан Қанатқызы шараның басы-қасында болып, көгалдандыру жұмысына қолдау көрсетті. Бұл шараның маңыздылығын көпшілікке түсіндірді.
    – Адамның табиғатсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Табиғатқа да әркез күтім керек. Сондықтан, айналамызды таза ұстауды әркім өзінен бастағаны жөн. Бүгінгі сенбілікке қатысып, осындай игі іс­-шараға атсалысқаныма қуаныштымын. Ағаш егу – атадан балаға мирас болған сауапты іс. Бұл сауапты іс мұнымен тоқтамауы керек, – деген ол өзгелерді де шараға атсалысуға шақырды.
    Жастардың жұмыла көтерген бастамасы – өзгелерге үлгі. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын үкілі үміт артқан жастарымыз жалындап тұрса, келешегіміздің де кемел болары хақ. Болашақта бұл жас көшеттер елге сая болар үлкен ағашқа айналар деген сенім зор. Ең бастысы, туған жерді түлету әр азаматтың парызы екенін еске салып тұратын болады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Өмірі еңбекпен өрілген

    Өмірі еңбекпен өрілген

    4 months ago
    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    1 month ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Ономастикаға қатысты ұсыныстар қолдау тапты

    1 year ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Райымбек ауданына 1,7 млрд теңге инвестиция тартылды

    12 months ago
    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Квазимемлекеттік сектор бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>