-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұтастық тұғыры

    17.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тұтастық тұғыры
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – бүгінгі борышымыз. Қазақ елі мәңгілік жасауы үшін тілі өміршең болуы қажет. Осы орайда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен  аудан-қалаларда тіл фестивалін ұйымдастыру қолға алынды.

    Аталмыш шара мемлекеттік тіл арқылы ұлттар бірлігін нығайтуды, халық арасында қазақ тілін терең меңгеруге серпін беруді көздейді.
    Басқарма жоспарына сәйкес, алғаш­қы­лар­дың бірі болып Еңбекшіқазақ ауданында тіл фес­тивалі кең көлемде ұйымдастырылды. «Тіл – тұтастық туы» тақырыбымен Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде өткен іс-шараға тіл жанашырлары, аудан тұрғындары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан құрылған комиссия мүшелері фестиваль жұмысын тамашалап, әділ бағасын беру үшін арнайы келді.
    Мәдениет үйінің фойесінде аудандық кітап­хана Еңбекшіқазақ жерінен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларынан көрме ұсынса, Есік археологиялық өлкетану музейі ауданның тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлерін таныстырды. Сондай-ақ белгілі суретші, этнодизайнер Құрманғазы Қадыровтың ұлттық құндылықтарды паш еткен өнер туындылары көптің назарына ұсынылды. Ал Қаракемер Мәдениет үйінде дәріс алатын жыршы-термеші жасөспірім ұл-қыздар фестиваль қонақтарына жырдан шашу шашты.
    Фестивальдің шымылдығын ашып, сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков: «Елімізде мемле­кеттік тіл – қазақ тіліне деген құрмет артқан сайын, тұрақтылық пен бірлік те мызғымас күшке ие болады. 54 түрлі этнос өкілдері мекендейтін Еңбекшіқазақ ауданындағы ынтымақ мұндағы қазақ тілін қолданушылар аясы кең екенінің бір көрінісі», – деп алдағы уақытта да бұл салада тиісті жұмыстар жалғасын табатынын айтты. Сонымен қатар Ерболат Сарабекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп, қазақ тілінің қанатын кеңге жаюына үлкен үлес қосып жүрген тіл жанашырлары мен қоғам белсенділеріне Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің Алғыс хаты мен марапатын табыстады.
    Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқар­маның бөлім басшысы Нұрмаман Оқас: «Жалпы, тілімізді сақтау, оны ғылымның, озық технологияның тіліне айналдыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Басты мақсатымыз – қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру», – дей келе, «Тілді дамыту мәселесінде мәжбүрлеу, күштеу тәсіліне емес, ақыл-парасатқа сүйену қажет. Тілді тілге қарсы қою – қателік», – деп, қазақ тілін бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дәріптеуіміз керектігін де тілге тиек етті. Фестивальдің негізгі мақсаты да осы, ел бірлігін сақтау, мемлекеттік тілдің елдегі бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы екенін халыққа жеткізу.
    Осы ретте аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен тіл оқыту орталық­тарының қолға алған жұмысы ауқымды. Есік қаласы мен Шелек ауылында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істеп, бүгінде мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге бар жағдай жасап отыр. Былтыр аталған оқу орталықтарында 481 азамат қазақ тілін үйренсе, оның 281-і – өзге этнос өкілдері. Сондай-ақ «Қазтест» жүйесі негізінде диагностикалық тестілеуден 1415 адам өткен. Аудандық бөлім мен тіл оқыту орталықтары былтыр өңірде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында жүзден астам түрлі іс-шара өткізген. Олардың ішінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған облыстық байқауларға аудандық іріктеулер, қоғам белсенділерімен, жастармен, тіл жанашырларымен кездесулер, семинар-тренингтер, ішкі-сыртқы жарнама тілінің мағыналы, мазмұнды, әрі қатесіз дұрыс жазылуын қадағалайтын рейд жұмыстары бар. Атқарылған жұмыс қорытындылары жайында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мақалалар да жарияланып келеді.
    «Жыл басынан 8 ауылдық округте рейд жұмысы жүргізілді. Маңдайша жазулары және жарнамалардың сауатты жазылуына тексеру жүргізу барысында кәсіпкерлер мен кейбір мемлекеттік мекеме басшыларына ескерту жасалды», – деді өз баяндамасында тіл жанашыры Әнел Жапанова.
    Өз ортасында қазақ тілін дәріптеп, мемлекеттік тілдің жанашыры болып жүрген өзге этнос өкілдері де мінберде сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті. Ары қарай фестиваль концерттік бағдар­ламамен жалғасып, мәдени мұраға айналған жыр мен терме, ән мен күйдің озық үлгілері халық назарына ұсынылды.
    Қазақ тілі – ұлттың рухани байлы­ғының, мәдениеті мен тарихының алтын діңгегі. Ал 2023-2029 жылдарға арналған Тіл  тұжырымдамасы – осы ұстанымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл құжат елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны меңгеру деңгейін арттыру және қазақ тілін халықаралық деңгейде насихаттау мәселелерін қамтиды. Осы тұжырымдама аясында мемлекеттік тілді дамыту бағытында  ауқымды жұмыстар әлі де жалғаса бермек. Ал тіл фестивалінің қорытындысы қыркүйек айында жасалып, мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі аудандардың жұмысына нақты баға берілмек.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    Кеген ауданындағы нөсер салдары тез арада жойылды

    10 months ago
    ЖҰМЫСШЫЛАР ҚОЛДАДЫ

    ЖҰМЫСШЫЛАР ҚОЛДАДЫ

    7 months ago
    Зер қадірін зергер білер

    Зер қадірін зергер білер

    9 months ago
    Ұлы дала төсі әлем назарын аударып отыр

    Ұлы дала төсі әлем назарын аударып отыр

    10 months ago
    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші тармағын тарту жұмысы басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>