-13 °c
Qonaev
Sunday, May 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    23.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS
    Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы – әрбір қазақтың  емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол, сөзсіз, ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру – сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды  ұлттық тәрбиемен үйлестіруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық.
    Былайша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жас мамандарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын  толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ал ұлттық тәрбиенің қайнар көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып саналады. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды адам бойындағы жақсы көріністер тәрбиенің негізі ретінде сипатталады. Одан басқа, жаһандану жағдайындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, толеранттылық-төзімділік қасиеттер де ұлттық тәрбие дәрістерінде көрініс табуы тиіс деп ойлаймыз.
    Қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, азаматтық қоғам орнату талаптары күшейген. Мұндай өзгермелі қоғамда көпмәдениетті, көпұлтты кеңістікке араласуға дайын, кез-келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген қабілетті тұлға тәрбиелеу бірінші кезекке қойылған міндет десек, қателеспейміз. Бұл бағытта ұлттық тәрбие мазмұнын байытып, жаңғырту өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі тәрбие жұмысы осы мәселені оңтайлы шешуді негізгі мақсатының біріне айналдырған. Оқу ордасында кәсіби маман даярлаумен қатар ұлттық  мәдениетке бағытталған, білім мен ғылымның дамуына өз үлесін қосатын жоғары білімді, ұлттық тәрбиеге негізделген, рухани тұрғыдан жетілген шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бар жағдай жасалып отыр. Осыған орай жоғары оқу орындарында жүргізілетін тәрбие ісі бойынша концепцияны жүзеге асыру, студенттер арасында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру, студенттік ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру, жастардың арасында ұлтаралық келісімді нығайту, студенттердің арасында салауатты өмір салты мен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау, мәдени-бұқаралық шараларға қатысу, ағартушылық шараларды өткізу сияқты жұмыстар бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.
    Жастарға ұлттық тәрбие беру мәселесі ҚазҰУ-дың күн тәртібінен түскен емес. Тәрбие жұмыстары студент бойында қазақстандық патриотизм, ұлттық мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Ұлттық рухани құндылықтарды, мәдениет пен тарихты, әдебиет пен тілді, ұлт ғұламаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, профессор-оқытушылар құрамының тәрбие ісіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ету, студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, бір сөзбен айтқанда, иманжүзді, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, ұлт болашағына жауапты азаматты тәрбиелеу – университеттің маңызды міндетінің бірі.
    «Тәрбие басы – талбесік» деген сөз тегін айтылмаған. Сөз жоқ, болашақ ұрпақтың өнегелі болуы жастайынан берілген тәрбиеге байланысты. Сондықтан қандай қоғамда болсын ұстаз бен шәкірт тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Қорыта айтқанда, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін алдымен өзіміздің ата-бабамыздан қалған  салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін  жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз.
    Болатхан САРБАСОВ,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,
    филология ғылымдарының кандидаты,

    Ұсынымдар

    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    2 years ago
    Қауіпті кәсіпорындардың жабдықтары ауыстырылады

    Қауіпті кәсіпорындардың жабдықтары ауыстырылады

    10 months ago
    Үздік отбасылық медицина орталығы

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    11 months ago
    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    1 year ago
    ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ

    ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.