-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы «жасыл» энергетика саласын дамытуда алда келеді

    16.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология, Энергетика
    Алматы облысы «жасыл» энергетика саласын дамытуда алда келеді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысы еліміздегі «Жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 328,1 МВт болатын 23 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында – қуаты 25,78 МВт болатын 8 шағын су электр станциясы, 142 МВт-тық 9 жел электр станциясы және 160,365 МВт-тық 6 күн электр станциясы бар.

    Өңірдегі электр энергиясын орташа тұтыну көлемі 550–630 МВт аралығында. 2024 жылы бұл көрсеткіш 608,4 МВт-қа жетті. Оның 303,31 МВт-ы – облыс ішінде өндірілген, оның ішінде 62,36 МВт – жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (Іле және Шарын өзендеріндегі ірі СЭС-терді есептемегенде). Қалған 305,09 МВт басқа өңірлерден сатып алынады.

    Жаңа жобалар мен инвестициялар

    2024 жылы Жамбыл ауданында қуаты 3 МВт болатын жаңа су электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық көлемі – 1,9 млрд теңге, 5 тұрақты жұмыс орны ашылды.

    Сондай-ақ, биыл жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға арналған екі аукцион өткізілді. Қонаев қаласындағы қуаты 100 МВт болатын КЭС жобасы бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жамбыл ауданында қуаты 20 МВт болатын ұқсас жобаны «Dala Solar» ЖШС жүзеге асырып жатыр – қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, нысан да 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.

    2025 жылға арналған Энергетика министрлігінің жоспарына Қонаев қаласында қуаты 40 МВт болатын екі КЭС салу бойынша тағы екі аукцион енгізілген.

    Инвесторлардың қызығушылығы және салалық кедергілер

    2023–2024 жылдары облыстық энергетика басқармасына жалпы қуаты шамамен 1400 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға ниетті 20-ға жуық инвестордан өтінім түсті. Бұл жобалар бойынша күтілетін инвестиция көлемі – 1 триллион теңгеден асады.

    Алайда, жобалардың іске асырылуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі – өндірілген электр энергиясын сатып алу кепілдігінің болмауы. Жергілікті атқарушы органдар мұндай кепілдік бере алмайды, бұл ірі инвесторлардың келуіне тосқауыл болып отыр.

    Энергетика министрлігінің аукциондық саудасы арқылы 2030 жылға дейін Алматы облысында іске асырылатын 14 жаңартылатын энергия көздері жобасы айқындалған. Бұл жобалардың жалпы қуаты – 184 МВт. Оның ішінде 100 МВт-тық бір күн электр станциясы, 9,4 МВт-тық екі биоэлектр станциясы және 74,9 МВт-тық он бір шағын су электр станциясы бар.

    – «Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие. Инвесторлардың жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Ендігі мақсатымыз – жобаларды жүзеге асыру үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай жасау. Бүгінгі таңда тек өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар ЖЭК-ті жалпы энергетикалық жүйеге тиімді интеграциялау үшін сенімді инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Алматы облысының энергетика басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

    Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту – өңірдің орнықты болашағына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор. Өңірдің әлеуеті зор, инвесторлардың қызығушылығы жоғары, ал әкімшілік кедергілер жойылған жағдайда Алматы облысы Қазақстандағы «таза» энергия өндірудің жетекші орталықтарының біріне айнала алады.

    Мемлекет тарапынан заңнамалық және тарифтік саясат деңгейінде дер кезінде көрсетілетін қолдау осы мүмкіндіктерді нақты энергетикалық және экономикалық жетістіктерге айналдырудың кілті болмақ.

    Ұсынымдар

    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    3 months ago
    Сайлау 2023

    Алматы облысынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер саны белгілі болды

    2 years ago
    Кәсіптік және техникалық білім беру мүмкіндіктері

    Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкімет өнеркәсіп пен техникалық мамандарды қолдайды

    5 months ago
    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    3 months ago
    Архившілер күні аталып өтті

    Архившілер күні аталып өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.