⛅
11°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында өткен Ашық есік күнінде мыңнан астам тұрғын тегін дәрігерлер кеңесін алды

    24.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында өткен Ашық есік күнінде мыңнан астам тұрғын тегін дәрігерлер кеңесін алды
    0
    SHARES
    56
    VIEWS

    Алматы облысының Қарасай ауданында студенттер мен оқытушыларға арналған ауқымды Ашық есік күні өтті. Бір күндік әлеуметтік маңызы бар акция барысында тұрғындар тегін медициналық консультациялық және диагностикалық қызметтерге қол жеткізді. Шараға «Жанұя Жұмабек Мед» медицина орталығының 12 бейінді дәрігері қатысып, офтальмолог, невролог, кардиолог, отоларинголог, уролог, психолог, эндокринолог, гинеколог, дерматолог, гастроэнтеролог және онколог мамандар қабылдау жүргізді.

    Медицина орталығының директоры Кульзада Сартаева профилактикалық тексерулердің маңыздылығына тоқталып, акцияның халық денсаулығын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

    «Медицинаның ең бірінші бағыты – профилактикалық. Сондықтан мұндай тексерулер өте маңызды. Біздің медициналық ұйымға 15 мыңнан астам адам тіркелген, оның 6 мыңы – студенттер. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе атқарылған бұл шара арқылы халықтың денсаулығына үлес қосқымыз келеді», – деді ол.

    Шара барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер, науқастардың құқықтары туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. Қор өкілдері «сақтандырылған» мәртебесінің кеңейтілген медициналық көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Ашық есік күні аясында барлығы 1186 адам мамандардың кеңесін алды. Олардың қатарында 1 курс студенті Шұғыла Тұрсын да бар.

    «Соңғы уақытта көзім нашарлай бастаған соң тексерілуге келдім. Көз қысымын, көру сапасын арнайы құрылғымен өлшеді. Нәтижесінде көру қабілетім төмендегені анықталды. Дәрігер жаттығулар мен жаңа көзілдірік таңдауға кеңес берді. Тексеріс өте тез, кезексіз өтті», – дейді ол.

    Акция барысында келушілердің артериялық қысымы өлшеніп, қант диабеті мен холестерин деңгейін анықтауға арналған жедел талдаулар жүргізілді. Сонымен бірге хеликобактер пилори бактериясына сынамалар алынды, ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеу ұйымдастырылды. Жедел тексеруден өткен азаматтардың ішінен 20-дан астамы әрі қарай емделуге жолдама алды.

    Қоғамдық денсаулықты нығайтуды мақсат еткен мұндай шаралар тұрғындар арасында зор сұранысқа ие болып отыр. Ал медицина мамандары профилактикалық тексерулерді уақытылы өткізу қауіпті аурулардың алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады.

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>