⛅
3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Тіл – ұлттың жүрегі, рухтың мәйегі. Тіл тағдырына салғырт қарау – ел болашағына бейжай қарау. Ал заңмен бекітілген мемлекеттік тіл нормаларын сақтау – әрбір азаматтың, әрбір кәсіп иесінің парызы. Осы бағытта Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының өкілдері өңірлер­де жоспарлы түрде рейд жүр­гізіп, көрнекі ақпарат пен жарнамада мемлекеттік тіл талаптарының орындалуын қадағалауда.

    Кезекті рейд осы жолы Жамбыл және Қарасай аудандарында ұйымдастырылды. Құрамында «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының басшысы Гүлзира Сейітбекқызы, оның орынбасары Күләйша Бейсембаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Адам Бойсаев бар жұмыс тобы ең алдымен Жамбыл ауданына табан тіреді. Аудан орталығындағы базар маңын, сауда және қызмет көрсету орындарын аралап шықты. Мұнда көзге ілінген кемшіліктер де, көңіл қуантқан көріністер де аз болған жоқ. Бірқатар нысанда мемлекеттік тілдегі жазулар толық сақталған. Ондағы кәсіп иелері жарнамаларын «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы негізінде рәсімдегенін айтты. Мұндай мысалдар тілге деген құрметтің тамыр жайып келе жатқанын аңғартты. Алайда жаңадан ашылған нысандарда қателіктер кездесіп жатты. Кейбір дүңгіршектер мен қызмет көрсету орындарында тек орыс тіліндегі атаулар байқалды. Қоғам мүшелері мұндай орындарға арнайы жадынама қалдырып, ескерту жасады. Әсіресе «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіні мемлекеттік тілде сол жағында немесе жоғары жағында, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағында жазылуы тиіс» деген заң талабын түсіндірді. «Мемлекеттік тілде жазу – өз тұтынушыңа құрмет» деген қоғам өкілдерінің сөзін олар дұрыс қабылдады.
    Рейд барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Адам Бойсаев кәсіпкерлермен әңгімелесіп, заң талаптарын қазақ тілінде түсіндірді. Ұлттық рухтың тілден басталатынын тебірене жеткізді. Оған жергілікті тұрғындар құрметпен қарады. Адам Бойсаевтың осындай өнегелі әрекеті мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылық екенін тағы бір дәлелдеді.
    Жұмыс тобы тұрақтаған келесі аял­дама Қарасай ауданы болды. Мұнда тіл заңнамасының бұзылуы жиірек кездескені байқалды. Қала орталығындағы негізгі көшелердің бойындағы көптеген нысанда маңдайшалар тек орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне орын берілмеген. Мұндай көріністер «Жарнама туралы» Заңының 6-бабына қайшы келеді. Өйткені онда жарнаманың қазақ тілінде жазылуы міндетті деп нақты көрсетілген.
    Қоғам мүшелері шаштараз, тігін шеберханасы, сұлулық салоны, дәмхана және жылдам тамақтану орындарына кіріп, заң талаптарын түсіндіріп, жадынама таратты. Кейбір кәсіпкерлер ескерту алған бойда олқылықты түзетуге кірісті. Мәселен, самса сататын шағын дүңгіршектегі «Мы открылись» деген үлкен жазу рейд кезінде-ақ алынып тасталды. Ал ескертуге құлақ аспайтындар «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 75-бабына сәйкес жауапқа тартылатыны анық. Бұл бап бойынша заңды тұлғаларға 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
    Рейд соңында «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы басшысының орынбасары Күләйша Бейсембаева тілге қатысты ескерту айтты. «Мемлекеттік тіл – елдіктің өзегі, оны құрметтеу әр азаматтың парызы», – деп сөзін түйіндеді.
    «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері қолға алған рейд алдағы уақытта да басқа аудандар мен қалаларда жалғасады.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Жамбыл, Қарасай аудандары

    Ұсынымдар

    Сүйікті ісі – табыс көзі

    Сүйікті ісі – табыс көзі

    4 months ago
    Қилы кезең құрбандары

    Қилы кезең құрбандары

    5 months ago
    Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Сообщение территориальной избирательной комиссии Алматинской области

    1 year ago
    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    3 years ago
    Балқаштың батырына тағзым

    Балқаштың батырына тағзым

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>