☀️
7°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    ҚОС БАҚЫТТЫҢ БЕЛЕСІ

    23.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    ҚОС БАҚЫТТЫҢ БЕЛЕСІ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қонаев қалалық Мәдениет үйінде ақын, драматург, Халықара­лық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ арнайы сыйлығының иегері Бақыт Беделхан мен ақын, публицист, ұлттық журналистиканың жампозы, Қазақ радиосы Алматы бөлімшесінің жетекшісі Бақыт Жағыпарұлының шығармашылық кеші өтті.

    Қос Бақыттың шығармашылық кеші облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.
    – Әдебиет пен мәдениет кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, оқырманын ойға жетелеп, жүрекке жол таба білген облыстың қос Бақыты – Бақыт Беделхан мен Бақыт Жағыпарұлын 50 жас мерейтойымен құттықтаймын. Бұл – шығармашылықтың кемел шағы, ой мен сөздің толысқан тұсы. Ағалар қаламынан туған туындылар облысымыздың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет етіп келеді. Бүгінгі кітаптардың тұсаукесер рәсімі мен шығармашылық кеш – жеке мерейтой ғана емес, тұтас аймақтың мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Бұл еңбектер – уақытпен үндескен, қоғамға ой салатын, жас ұрпаққа бағдар беретін рухани мұра, – деген Ғани Айдарұлы облыс басшылығы әрдайым руханият пен мәдениетке, қалам мен өнер иелеріне қолдау көрсетіп келе жатқанын және бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін тілге тиек етті. Сондай-ақ бүгінде 75 жасқа толып отырған көрнекті қаламгер Шаяхмет Құсайынұлын да мерейлі жасымен құттықтап, қазақ руханиятының дамуына қосып жатқан сүбелі үлесін атап өтті.
    Келесі кезекте Ғани Айдарұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар ода­ғының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары Биғайша Медеуова мен Жарас Сәрсек, «Мұқағали» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов Бақыт Беделханның «Қаншеңгел» атты жаңа жыр жинағының, Бақыт Жағыпарұлының «Белес» және Шаяхмет Құсайынұлының «Керімағаш» кітаптарының тұсаукесер рәсімін жасады.
    Мінберге шыққан Ұлықбек Оразбайұлы осындай әдеби-мәдени кештерге жұртшылықтың ықыласы оянып келе жатқанын атап өтіп, облыстың мәдениетін дамыту жайлы ойымен бөлісе келе, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Қонаев қаласында әлемдік деңгейде поэзия кешін өткізу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Сонымен бірге Бақыт Жағыпарұлы мен Бақыт Беделханға түркі дүниесіне ортақ руханиятқа сіңірген еңбегі үшін «Абай» халықаралық поэзия академиясы­ның Абай атындағы алтын медалін табыстады.
    Сахнада қос Бақыт тұсауы кесілген кітаптарына шолу жасап, өлең оқыды. Сонымен қатар ҚР Құрметті журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Шаяхмет Құсайынұлы, ақын, Қонаев қаласы мен Абай облысы Ақсуат ауданының Құрметті азаматы Алтыншаш Жақиянова кеш иелеріне деген жылы лебіздерін арнады.
    Кеш барысында Береке Мұрат, Өмірқұл Айниязов, Айбек Мұхамедәлі, Бибігүл Қилымхан сынды елімізге танымал әншілердің орындауында Бақыт Беделханның сөзіне жазылған «Бәйге», «Қайдасыңдар, жігіттер?», «Мен ешкім емеспін», «Дариға-ай, қайда барасың?!», «Қазағым-ай!» әндері шырқалды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>