☀️
8°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Қос алып

    20.01.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Қос алып
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген жайлы мектепте «Ғылым мен өнердің шырақтары – Шоқан мен Абай» атты тақырыпта кең бағдарламалы әдеби-сазды кеш болып өтті. Бұл жаңадан ашылып отырған жайлы мектептің алғашқы, былайша айтқанда, беташар іс-шарасы. Аталған іс-шараға өңірдегі мектептерден ұстаздар мен оқушылар, ауыл тұрғындары, ардагерлер қатысты.

    Салтанатты сәттің ашылуында осы іс-шараға мұрындық болған, Ұмтыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Әйіп Ысқақов кіріспе сөз сөйлеп, жаңадан ашылып отырған мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік пен мол жақсылық тіледі. Шоқан Уәлиханов пен Абай жайлы әдемі де әсерлі әңгімесімен бөлісті. Сонымен бірге мектептің жаңадан ашылып отырған кітапханасына өзінің жаңадан баспадан шыққан, белгілі ғалым Ізтілеу Әбуғалиев жайлы кітабы мен ауылдан шыққан талантты ақын Сыман Қылышбаевтың жыр жинақтарын табыстады. Бұдан кейін сөз алған «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, тәжірибелі ұстаз, осы ауылдағы «Болашақ» мектебінің директоры Нағима Сағатқызы, мектептің қоғамдастық мүшесі Әсия Әбдіраманова, Қарасай аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Серік Бертайұлы, 90 жастағы ауыл тұрғыны, академик Елтай Хасенов, аталған жайлы мектептің директоры Жанар Әбдірахмановалар сөз сөйлеп, аталған білім ордасының айтарлықтай табыстарға қол жеткізуіне тілектестік білдірді.
    Қос алыпқа арналған кеш өз мәнінде басталды. Мектеп оқушылары Абай ата өлеңдерінен және қара сөздерінен дайындаған әдеби-музыкалық шығармаларын талапқа сай шеберлікпен орындап шықты. Сонымен қатар мектеп оқушылары Абайдың қара сөздеріне байланысты өмірлік көріністерді және Шоқан өміріне қатысты оқиғаларды сахна төрінде айшықты түрде бейнелеп берді. Мектептің шығармашылық ұжымы Шоқан мен Абайдың өмір жолынан мәнді де мазмұнды кезеңдерді керемет етіп көрермен қауымның алдына ұсынды. Осы орайда сахна төрінен көрермен қауымның ризашылығына бөленген мектеп оқушысы Шынар Ерланқызының, музыка пәнінің мұғалімі Мейіргүл Нұрсұлтанның, Шоқан мен Абайға арнау өлеңін оқыған ұстаз Ардақ Қалиеваның, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Нарымбетованың, Шоқан мен Абайға арнау өлеңін оқыған Рәзия Ризабекқызының өлеңіне көрермен қауым қошеметпен қол соғып отырды. Сол сияқты мұнда Алмалыбақ ауы­лындағы Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Парасат» хорының көрсеткен өлшеусіз өнерлеріне халық ерекше ыстық ықыласпен дән риза болды. Сөйтіп, Алмалыбақ ауылындағы жайлы мектептің алғашқы тақырыптағы игілікті іс-шарасына жиналған қауым риза болып, ақ ниетпен тарасты.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>