☀️
8°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Ақын есімі ардақталды

    21.02.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ақын есімі ардақталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Райымбек ауданы Жаңа Текес орта мектебінде жыл сайын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай поэзия кеші ұйымдастырылады. Осы бір айтулы сәтті асыға күтетін жас буын ақын аталарының өлеңдерін өрнектеп, шығармаларының шырайын кіргізеді. Дәстүрге айнала бастаған айтулы шара биыл да «Жүрегімде жыр болып қалған Мұқағали» атты тақырыпта жарасымды жалғасын тапты.

    Мектепте өткізілетін Мұқағали оқуларына демеушілік танытып жүрген кәсіпкер Ардақ Нүсіпжанұлына ауыл тұрғындарының, ұстаздар мен шәкірттердің айтар алғысы шексіз. Бұл жолы да атымтай азамат Алматыдан ауылына асыға жетті. Ол Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Серік Жиенбаев, Ермек Айтуаров, Ербол Қыдырбаев, Қабыл Малаевтармен бірге келді.
    Бұрынғы жылдары мектепішілік деңгейде ғана аталып өтетін жыр кешінің осы жолы ауқымы кеңейгенін айтқан орынды. Биыл аталған шараға Текес, Тегістік, Қақпақ, Көксай, Қайнар, С.Сауранбаев және Талғар ауданы Жалқамыс орта мектебінен де оқушылар қатысты.
    Әр кезең бойынша үміткерлердің қойылған талапты орындау шеберлігін қазылар алқасы қалт жібермей қада­ғалады. Сайыс қорытындысы бойынша Жаңа Текес орта мектебінің 8-сынып оқушысы Кәусар Қызайбай үздік деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды. Жыр кешіне жоғары дайындықпен келген Қ.Шорманов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Динара Тұрлығожа бірінші, аталған мектептің 6-сынып оқушысы Зере Шалқар екінші, Жаңа Текес орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бану Миятбекқызы екінші, Талғар ауданы Жалғамыс орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айару Тоқтархан үшінші, Жәмеңке орта мектебінің 7-сынып оқушысы Балнұр Александр үшінші орындарды иеленді.
    Жеңімпаздар Райымбек аудандық білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапат­талды. Бас жүлдеге тағайын­далған жыл бойы төленетін шәкіртақыны және 1-3 орындарға, ынталандыруға белгіленген ақшалай сыйлықтарды кештің демеушісі Ардақ Нүсіпжанұлы тапсырып, қатысушыларға бұдан кейінгі жарыстарда да зор жетістік тіледі. Сөйтіп, «Жүрегімде жыр болып қалған Мұқағали» атты жыр кеші өзіндік ерекшелігімен көпшілікті әсерге бөледі.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>