⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алдағы мерекелік демалыстар Алматы облысында «Тазалық күні» деп жарияланды. Яғни, үш күн бойы өңірдегі барлық туристік нысандар, халық көп жиналатын орындар, саябақтар мен аулаларда жаппай сенбіліктер өтеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын шараға Ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорықшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындары түгел атсалысады. Алматы облысында оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал туристік бағыт бар. Үш күндік мерекелік демалыста тау-тасқа, өзен-көлдер мен табиғат аясына баратын саяхатшылар саны артады. Сонддықтан қонақтардың табиғатты ластамай, қоқысты белгіленген орындарға жинап кетуі өлке тазалығы үшін аса маңызды. Әсіресе туристік аумақтардың тазалығына ерекше ден қойылып отыр. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев туған жердің табиғатын аялап, тұрғындар мен қонақтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.

    «Қымбатты облыс тұрғындары! 

    Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымын  жанның   тазалығымен,   ниеттің   түзулігімен  ұштастырып, оған ерекше мән берген. Мемлекет  басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап  өткендей, «Таза Қазақстан» акциясы –  бұл бір  реттік науқан емес, ұлтымыздың болмысындағы  асыл қасиеттерді жаңғыртатын бірегей бастама. Тазалық – өркениеттің   айнасы.   Біз   тек  сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп  ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Әрбір   тұрғын   өз   ауласына,   әрбір   ұжым   өз  мекемесіне   жауапкершілікпен   қарауы   тиіс.  Әсіресе,   облыстың барлық   кәсіпкерлерінің бұл іске  үлес   қосуы – бизнестің   қоғам   алдындағы  жауапкершілігінің   айғағы. Нысандардың  эстетикалық талаптарға сай болуы өлкеміздің ажарын аша түсері сөзсіз.  Біздің ортақ мақсатымыз –  «Заң мен тәртіп»  қағидаты   орныққан   қауіпсіз   қоғам   құру.   Өйткені  тәртіп бар жерде   тазалық та, береке де болады. Отанға   қызмет   ету   осындай   қарапайым,  бірақ  маңызды істерден басталады.  Баршаңызды осы игі бастамаға атсалысып,  өңірімізді  жауапкершілік  пен жасампаздықтың  аймағына айналдыруға шақырамын! – деді өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

    Соңғы жаңалықтар

    Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
    30.04.2026
    Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
    30.04.2026
    Жүгіру біріктіргенде
    30.04.2026
    Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
    30.04.2026
    Тарихи құнды еңбек таныстырылды
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>