⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тілге құрмет – елге құрмет

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Тілге құрмет – елге құрмет
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Адамдар арасындағы алшақтықты жойып, бір-біріне жақындастыратын – тіл. Тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, татулық тірегі» дейді Еңбекшіқазақ аудандық Ассамблея жастарының төрағасы Гузелнур Туйгунова. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Гузелнур Кудратқызымен сөйлесіп, жақын танысып қайттық.

    Ол Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында дүниеге келген. Әкесі – Кудрат пен бауыры – Руфат бүгінде жеке кәсіппен айналысады. Ал анасы Арзигуль – аспаз.
    «Біздің ауылымызда негізінен қазақтар мен ұйғырлар тұрады. Кішкентайымыздан қазақ тілін ана тілімізбен бірге жетік меңгеріп өстік. Ауылдағы қазақтар ұйғырша, ұйғырлар қазақша бір-бірімен жақсы сөйлесіп, оңай тіл табысады. Жалпы, тіл – екі ұлт арасын жалғап жатқан татулық тірегі», – деген Гузелнурдың отбасында бәрі қазақ тілінде еркін сөйлейді.
    Кейіпкерім болашақта бортсерік болуды армандап, кішкентайынан бірнеше тіл үйренуді мақсат еткен.
    «Мектеп қабырғасында қазақ тілінің грамматикасына көп көңіл бөлдім. Мемлекеттік тілді ауызша ғана емес, жазбаша да жақсы мең­гердім. Мектептен кейін Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-техно­логиялық колледжіне аударма ісі бойынша оқуға түсіп, қазақ бөлімінде білім алдым. Ары қарай жоғары оқу орнында екі шет тілін оқыдым», – деген ол бүгінде қазақ, ұйғыр, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде ойын еркін жеткізе алатын полиглот.
    Гузелнур жоғары оқу орнын тәмамдаған соң бала күнгі арманы бортсерік болуды емес, мұғалімдікті таңдайды. Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылында Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып орналасады.
    «Ұстаздық жаныма жақын. Бала­ларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, бар білгенімді үйрету – негізгі мақсатым. Мектептегі оқу­шыларға ағылшын тілінен сабақ берсем, қосымша балабақшадағы бүлдіршіндерге ағылшынмен бірге қазақ тілін де үйретемін. Осы елдің азаматы болғандықтан мемлекеттік тілді білу, оның қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктетуге атсалысу – әрқайсымыздың ел алдындағы борышымыз деп біле­мін. Ауқымды іс тындырмасам да, ауданымызда, облыста ұйым­дас­тырылатын қоғамдық-мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүріп, осындай шағын қадамдармен мем­лекеттік тілдің тұғырын биіктетуге өз үлесімді қосып жатырмын деп ойлаймын», – дейді.
    «2023 жылы Қонаев қаласында жастардың «Бірлік» лагері ұйым­дастырылды. Бұл лагерь жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, қазақстандық патриотизм мен жалпыұлттық бірлікті дәріп­теу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды мақсат ете­­тінін білген соң арнайы іздеп бардым. Өңірлерден келген көп­теген жастармен жүздесіп, өзара тәжірибе алмасып, керемет көңіл-күймен шабыттанып келдім. Осы шабытпен Еңбекшіқазақ аудандық Ассамблея жастарының төрағасы болдым. Бұл – өте қызықты әрі өте жауапты жұмыс. Қоғамдық келісім және даму орталығымен, аудан жастарымен, ауыл-ауылдардағы ақсақалдар, аналар кеңестерімен жиі мәдени іс-шаралар өткізіп тұрамыз. «Кемедегінің жаны бір» демекші, бір елде, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандықтан бәріміздің мақсат-мүддеміз ортақ. Біз бір бағытқа бірлесе бет алғанда ғана асқақ армандарымызға қол жет­кізе аламыз. Ал осы орайда бізді бірік­тіретін үлкен күш – мемлекеттік тіл екені сөзсіз. Ассамблея жастары бір-бірімізбен қазақша сөйлесеміз, ақпарат алмасамыз. Мемлекеттік тілді меңгергеніміз бізді бір арнаға тоғыстырып тұр. Қазақ тілін жетік біле­тінімнің арқасында көптеген мүм­кіндікке ие болдым», – деген Гузелнур ауданда, облыста ұйымдастырыл­ған көптеген тіл байқауларының жеңімпазы. Былтыр қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жыл­дығына орай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың облыс­тық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
    Мемлекеттік тілдің маңызын ес­керіп, оны мүмкіндік ретінде қарас­тырған, қазақ тілін меңгере отырып, тілдің тұғырын биіктетуге қолынан келгенше үлесін қосып жүрген Гузелнур өзін «Үлкен елдің кішкентай патриотымын. Тілге құрметім – елге құрметім» дейді.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>