Сайраңдап сайларыңда дала қуған,
Айналдым, Алатауым, алабыңнан.
Кетпейтін бір ән сынды көкейімнен,
Өшпейтұғын бір от сынды жанарымнан.
Ұлың болсам арман не, дара туған,
Өзіңде түн батырып, таң атырғам,
Бұлағыңның сылдыры құлағымда,
Төлдің дауысы есімде жаңа туған.
Талдарың, теректерің, тоғайларың,
Көзді арбап шалғын белің, арай бағың.
Жер жаннаты – ауылым, құт бесігім,
Суреттедім жырыммен солай бәрін.
Даниял РАХИМОВ,
8-сынып оқушысы
Еңбекшіқазақ ауданы
