Бірі білді, ал бірі түк ұқпады,
Ал бірі ұстаз сөзін ұмытпады.
Әрбір үйдің еркесі болып кеткен,
Балаларды айтайын сыныптағы.
Көрінер бір бала бар шабыс алдан,
Емес ол әрбір сыннан қалыс қалған.
Бір бала бар үмітін мұғалімнің,
Ақтап, орын әкелген жарыстардан.
Интернет деп бір бала аһ ұрады,
Телефонмен әр таңын атырады.
Сабағына алаңдамай сол сыныптас,
Ал достарын ойынға шақырады.
Алар сан алда жүрсе несібені,
Мектеп бала білімін өсіреді.
Бір бала бар мектепке жақын тұрып,
Сабаққа жарты сағат кешігеді.
Бір бала бар кітап оқып демалады,
Ұстазынан керегін көп алады.
Мектепке сонша алыс тұрғанымен,
Бәрінен бірақ ерте кеп алады.
Шынын айтсам, сыныбым тап осындай,
Бәрін айттым бағасын сәл асырмай.
Мінездері әртүрлі, бірақ тату,
Барлығы да бір үйдің баласындай.
Осылай бар сырымды ақтарамын,
Арналды достарыма мақпал әнім.
Күз бенен қыс, көктемді бірге өткізер,
Сыныптастар, сендермен мақтанамын!
Ботагөз РАУАНҚЫЗЫ,
7-сынып оқушысы
«Ақындар» орталығының қатысушысы
Қарасай ауданы
