Перейти к содержимому
Главная страница » Алма бағындағы жүздесу

Алма бағындағы жүздесу

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының өкілдері Алматы облысындағы алма бағында бағбандармен кездесті. Жүздесуде партия өкілдері әйгілі алма сорттын сақтау, шаруашылықтарды қолдау және отандық өндірісті дамыту жайын талқылады.
Апортты «патша алма» деп те атайды. Ерекшелігі – Алматының тау бөктерінде өседі және жоғары сапалы жеміс береді. Алматы облысы апорт өсіруге қолайлы аймақ саналады. Партия мүшелерінің айтуынша, апортты қайта жаңғырту мәселесінде аймақтың орны айрықша. Кездесуге қатысушылар бақтарды қалпына келтіру және әйгілі сортты сақтап қалып, болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.