Астанада қазақстандық жоғары оқу орны түлектерін жұмыспен қамтуға арналған Human Capital Forum 2026 өтті. Іс-шара Қазақстанның HR-қоғамдастығы мен жұмыс берушілеріне арналған «Paryz» ұлттық конфедерациясы мен Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.Human Capital Forum 2026 Қазақстанның ірі компанияларының басшыларын, HR және ұйымдастырушылық психология саласындағы сарапшыларды, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін бір алаңға біріктіреді.Шара барысында Paryz Bridge республикалық зерттеуінің нәтижелері таныстырылып, «Шешімдер күші» панельдік пікірталасы өткізілді. Сонымен қатар «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қоры, «Beeline Қазақстан» холдингі, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Halyk Bank» АҚ және «Эйр Астана» АҚ өкілдерінің қатысуымен салалық секциялар ұйымдастырылды.Бұдан бөлек, форум аясында жұмыс берушілер марапатталып, HR Recognition, HR стендап және гала-кеш өтті.Форум барысында университет түлектері жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, нақты ұсыныстарға қол жеткізді.Мәселен, Esil University үшін форум университет, жұмыс берушілер және жас мамандар арасындағы тікелей диалог алаңы болды. Университет стендінде компаниялар оқу орнының түлектерімен танысып, олардың білім беру бағыттары мен кәсіби дағдылары және мансаптық қызығушылықтары туралы толыққанды ақпарат алды. Сондай-ақ практика, тағылымдама және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша қысқа форматтағы сұхбаттар өткізді.Университет өкілдерінің айтуынша, Human Capital Forum 2026 форумымен серіктестік Esil University-дің практикаға бағытталған білім беруді дамытуға және студенттерді оқу кезеңінде-ақ кәсіби қоғамдастыққа интеграциялауға бағытталған стратегиялық фокусын көрсетеді.«Бүгінде жұмыс берушіге дипломы бар маман ғана емес, нақты бизнес міндеттеріне дайын жас кадр қажет. Human Capital Forum 2026 бізге Esil University түлектерінің әлеуетін көрсетуге және білім беру мен еңбек нарығы арасындағы тікелей байланысты нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.Форумда әлеуетті жұмыс берушілерге экономика, қаржы, IT, менеджмент, digital-маркетинг, юриспруденция, туризм, әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, digital-бизнес және әлемдік экономика бағыттары бойынша түлектер таныстырылып, олардың жетістіктері ұсынылды.



